Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет38/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Монитордың күтімі


Кез келген құрылғы күтімді қажет етеді, тиісінше мониторға да күтім қажет. Диплейдің зақымдануы алдын алу мақсатында, СК- панельге шамадан тыс күш салмаңдар. Тазартудың алдында мониторды электр розеткасынан ажыратыңдар. Тазартуды ылғалды матмен жасау қажет. Экранды сөндірілген күйінде құрғақ матамен сүртуге болады. Ешқашан органикалық ерітінділерді, мысалы спирт немесе мониторды тазалауға арналған құрамында аммиагы бар сұйықтықтарды қолданбаңдар. СК-мониторларға арналған арнайы сүлгілер мен сұйықтықтарды қолданыңдар. Егер монитор ылғалды болса, онда жылдам құрғақ матамен сүртіп жіберіңдер. Егер мониторға бөгде зат немесе су тисе, дереу қуат көзін жəне қуат шнурын ажыратыңдар. Содан кейін бөгде затты немесе суды сүртіп алып мониторды сервис орталығына апарыңдар.
Монитордың ең үздік пайдалану сипаттамаларын ұстау жəне пайдалану мерізімін ұзарту мақсатында келесі талаптарға сəйкес келетін бөлмеде қолданындар: температура 0...40°C жəне салыстырмалы ылғалдылығы 20...80%.

Мониторлармен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар


TFTTest бағдарламасы жиырма түрлі тестерден тұрады жəне монитор бойынша түбегейлі ақпаратты шығарады. Тестер көмескі жарық біркелкілігі («Боялған экран» тесті), түстерді тарату мен түсті шешу («Өзгеретін жарықтық диагоналі» жəне «Өзгеретін жарықтық түстері» тестері), жауап беру уақыты мен инерциялық
(«Жылжымалытекше»тесті),сондай-ақ кереғарлық сияқты
монитордың параметрлерін тексеруге мүмкіндік беретін үлгілерден тұрады. TFTTest – CheckeMon бағдарламасына ұқсас.
Monitors Matter CheckScreen бағдарламасы тестілеудің алдында мониторды дұрыс баптауға, түстілік, фокустандыру, геометрия, энергиямен жабдықтау жəне т.б. тестерін өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бағдарламада СК-мониторларға арналған жеке тестер көзделген, мысалы пиксельдердің бұлыңғырлығына, сапасына арналған тестер.
Nokia Monitor Test бағдарламасы TFT-, LCD-, ЭЛТ- мониторларының жұмысын тексеруге қажетті тестердің үлкен жиынтығынан тұрады. Утилита геометрияны, мəліметтерді, шешуді, муараны, кереғарлықты, жарықтықты, фокустандыруды, мəтіннің оқылымын, түсті таратуды тексеруге арналған ұажетті үлгілерден тұрады. Бұл сатып алардың алдында ұнаған мониторды тексерудің жақсы тəсілі. Nokia Monitor Test бағдарламасы орнатуды қажет етпейді жəне толығымен тегін.
Dead Pixel Tester 3.00 бағдарламасы СК-мониторлардың экрандарында «қираған» пиксельдердің бар болуына тексеру үшін жасалған. Бағдарлама экранды түрлі түстермен толтыруға, СК- экранның кейбір басқа тестерін өткізуге, сондай-ақ жөндемсіз пиксельді тірілтуге тырысатын Stuck Pixel Exerciser қызметін қосуға мүмкіндік береді.
EIZO Monitortest бағдарламасы мониторларды мұқият тестілеу мен баптауға арналған. Бағдарлама ерекше интерфейске ие жəне 24 тестіден тұрады (түстілік, муар, геометрия, ашықтық, инерттілік жəне т.б.). əрбір тестке қысқаша сипаттама беріледі.
PixPerAn бағдарламасы монитордың шапшаңдылығын анықтауға ғана арналады. Бұл үшін əзірлеуші алты тест даярлады, онда əртүрлі пішіндер (машинкалар, текшелер жəне тіпті космостық кемелер) əртүрлі жылдамдықпен қозғалады, сонымен бірге олардың жылдамдығы, сол сияқы кадрлардың сурет жылдамдықтары өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет