Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Акустикалық жүйені пайдалану шарты



бет50/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Акустикалық жүйені пайдалану шарты


Акустикалық жүйені пайдаланған кезде бірінші ретте колонкаларға назар аудару қажет. Клонкалар заттардың астына қойғыш ретінде қолданылмауы тиіс. Колонкалар діріл болмайтын,
орнықты жазыққа орнатылады. Дұрыс пайдалану үшін табиғи желдетуді жасау, қолонкаларды қоқыс түсуден шектеу қажет.Əрбір өндіруші өзінің температуралық режимін ұсынады, мысалы: -20 °С- тан +60 °С-қа дейін немесе 15-тен 30 °С-қа дейін. Колонкаларды алдын ала желіден ажыратып, жұмсақ сұлықпен тазалау қажет. Колонкаларды жылу көзінің жанына орнату ұсынылмайды. Акустикалық жүйені кинескопты теледидарлардың жəне мониторлардың, сондай-ақ магнит өрістеріне сезгіш басқа аспаптардың жанына орнатуға болмайды.

Дыбыстық жүйеге арналған бағдарлама


RightMark 3DSound тестілеу пакеті DirectSound- үйлесімді дыбыстық құрылғылардың апараттық мүмкіншіліктерін жəне бағдарламалық қолдауды іске асыру сапасын тестілеуге мүмкіндік беретін тəуелсіз синтетикалық дыбыстық тесті жасау үшін арналған. Пакетке үш утилита кіреді: Positioning Accuracy test (DirectSound3D сынау кезінде дыбыс көздерінің сапасын тексеру), CPU Utilization test (DirectSound-құрылғының жұмыс істеу режиміне байланысты процессордың жүктеуін өлшеуге арналған тест), Data Analyzer (ОЖ-нің кездейсоқ белсенділік жарқылының əсерін жоққа шығаруға, сондай-ақ процессордың жүктелу сипаты туралы ақпараты көбірек алуға арналған статистикалық талдағыш).
RightMark 3DSound пакет жоғары деңгейде орындалған жəне қарапайым, сол сияқты кəсіби пайдаланушыларға келісті.
PassMark SoundCheck бағдарлама Windows-қа арналған қосымша болып табылады, ол пайдаланушыларға өз компьютерлерін, дыбыстық карталарын, колонкаларды жəне микрофонды, жоғары жəне төмен жиіліктерді жаңғырту үшін колонкалардың мүмкіншіліктерін тексеруге мүмкіндік береді. Тестілеу сигналдарының мүлтіксіз нысандарын жəне олардың айналма циклін жасау үшін бұрмалауларды іздеу кезінде PassMark-аудиокабель жəне шлейф қолданылады. Дыбыстық картаның осы қосымша мүмкіншіліктерін талдау үшін SoundCheck сондай-ақ FX аудиотестіжəне көлемді дыбыстық тесті қамтамасыз етеді. Стерео- немесе монодыбысдискреттау мен ажыратымдылықтың əртүрлі жиіліктерінде жазылуы жəне жаңғыртылуы мүмкін. SoundCheck кіріктірілген тон-генератордан тұрады, ол таңдалған жиілікте жəне дискреттаудың жиілігінде тест сигналдарын жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет