Ақпаратты бейнелеу (жоқ, СК-экран, светодиодты индикаторлар)
Дыбыстық сигнализация (иə/жоқ)
Салқын бастау (иə/жоқ)
Қол By-pass (иə/жоқ)
Автоматты By-pass
Шу деңгейі, дБ
Габаритті өлшемдер
Биіктік (юниттерде)
Қосымша ақпарат
8.2.кесте.Аккумуляторлық батареяның сипаттамасы
Көрсеткіш
Сипаттама
Өндіруші (сайт)
Тип
Қуат кернеуі
Сыйымдылық
Қайта зарядтау циклдарының саны
Түйіспелер арасындағы арақашықтық
Қосымша ақпарат
ҮҚК-ін UPSMON Plus v 2.91 бағдарламасымен тестілеңдер: бағдарламаның мүмкіншіліктерін анықтандар; бағдарламаның баптаууларын пысықтаңдар; деректерді скриншоттар ретінде сақтап ҮҚК тестілеңдер.
19 – тəжірибелік жұмыс Тақырып: КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚОРЕКТЕНУ БЛОГЫН ПАЙДАЛАНУ, ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған компьютер, стенд қоректену блогы, ATX (POWER SUPPLY TESTER) қоректену көзінің тестері, Power watt PC бағдарламасы.
Тапсырмалар Компьютердің қоректену блогын (ҚБ) пайдалану материалын зерттеңдер (Интернет-ресурстар): барлық құрылымдардың сенімді бекітілгенін қадағалау қажет; қорек көзінің қуаты оңтайлы режим кезіндегі мəні жиынтық жүктемесне қарағанда жоғары болуы тиіс. Осының арқасында өткізгіштер мен базалық жартылай өткізгіш элементтерінің қызуы орын алмайды.
ҚБ желілік сүзгі немесе үздіксіз қоректену көзін қолданып қосу қажет, олар кернеудің секірісін тегістейді жəне қоректенетін электр желісін тұрақтандырады.
Жүйелі блокты шаң жəне түтін жиналмайтын жерде пайдалану керек. Қуат көзінен сөндірілген қалпында мерізімді сыртын ашып, жұмсақ қылқаламмен шаңсорғышпен бірге элементтерде жиналып қалған шаңды сүртіп алу қажет.
Компьютер кулерлерінің жұмысын тұрақты бақылап отыру қажет. Олар ішкі құрауыштарын үрлеп, жылуды жүйелі блоктың сыртына қайтарады. Желдеткіштер əрқашан жақсы майланған болуы тиіс.
Профилактикалық тазалауды өткізуді жол, микросхема жəне электрониканың басқа бөлшектерінің жағдайын ішкі тексерумен біріктіру қажет.
8.3.кесте. Компьютердің қоректену блогының техникалық сипаттамалары
Компьютердің қоректену блогындағы жазбаларды ашып көрсетіңдер. Нарықта сатылатын барлық қоректену блоктарыUL нөмірі түрінде Underwriters Laboratories (http://www.ul.com) сертификатына ие болуы тиіс. Қоректену блоктары UL зертханаларында сертификаттаудан өтеді, содан кейін оларға нөмір беріледі. Бұл нөмір қоректену блогы қандай маркамен сатылатынына қарамастан, нағыз өндірушісіне сілтеме береді. UL онлайндық базасында əркезде өндірушінің нөмірі бойынша табуып, қоректену блогының параметрлерін көруге болады.
Бұл нөмір UL логотипімен беріледі жəне E əріпінен басталады. Мысалы, 8.1 сур. E191414 нөмірі көрсетілген.
UL онлайндық базасына (http://database.ul.com/cgi-bin/XYV/template/LISEXT/1FRAME/index.htm) «UL File Number» тармағындағы нөмірді енгізуге. Содан кейін «Search» пернесіне басуға (8.2 сур.) жəне өндіруші туралы ақпарат алу.
8.4 кестеде қорғау сұлбаларын сипаттау үшін өндіруші қолданатын қысқартулар келтірілген.
8.4.кесте.Қорғау сұлбаларын сипаттауға арналған қысқартулар
Қысқарту
Қорғау
OVP
Over Voltage Protection, тоқ күшінің артуынан қорғау
(бастапқы жəне екінші ретті)
UVP
Under Voltage Protection, төмен тоқ күшінен қорғау (бастапқы жəне екінші ретті)
NLO
No Load Operation, жұктемесіз жұмыс істеу
Қысқарту
Қорғау
SCP
Short Circuit Protection, қысқа тұйықталудан қорғау
OCP
Over Current Protection, артық тоқтан қорғау
OLP (OPP)
Overload Protection, артық жүктемеден қорғау
OTP
Overheating Protection, шамадан тыс қызудан қорғау
Dual core CPU support – көп ядролы процессорларды қолдау
Industial class components – қоректену блогында-45 °C-тан +105 °C-қа дейін диапазонда жұмыс істеуге қабілетті бөлшектер қолданылады Double transformer design – екі күштік трансформаторлардың бар болуына көрсетеді(үлкен қуат блоктарында кездеседі)
Қоректену блогын тестермен тестілеңдер (қоректену блогының тестерлері ATX (POWER SUPPLY TESTER)) (8.3 жəне 8.4 сур). 20-24 pin ағытпасы арқылы АТХ қоректену блогын тестермен біріктіріңдер. 220 Вқуат көзін беріндер жəне ҚБ өзі бастама алады. Егер бастама алмаса, онда қоректену блогы істен шыққан. Сəтті бастама алған кезде тестерде шамдар жағылады (24 pin коннекторы жанындағы жеті шамның қатары).
Индикатор кернеудің барын куəландырады: +3,3V, -12V, power good (PG),
+5V SB, +12V, -5V, +5V. Барлық шамдар жанып тұруы тиіс
(-5 V индикатордың болмауы ҚБ жөндемсіз екенін айтапайды).