106
Sound Blaster X-Fi дыбыстық тақшаны қарастырайық, ол PCIexpress- слотқа орнатылады жəне компьютердің кері жағынан мультимедиялық құрылғыларды қосу үшін қол жетімді.
PCI- дыбыстық картаға микрофонды (көк мини-джекты кіріс), аттас кіріс-шығыс арқылы S/PDIF қолдайтын құрылғыларды (үй кинотеатры немесе акустикалық жүйені) жəне төрт сызықты стереошығыс арқылы колонкаларды қосуға рұқсат етіледі. Егер тек қана стандартты стереожүйені қосу талап етілсе, онда оны 1-ші (жасыл) стереошығыс арқылы қосу қажет. Картаның стереошығысының максималды ықтималдығы – 7.1 жүйесі бойынша барлық төрт шығыс арқылы қосу
(4.2 сур.).
Арналар келесі түрде бөлінеді(4.3 сур.): 1- ші шығыс – алдыңғы сол жəне оң арналар (2 жəне 4);
4.2 .сур.Картаның стерео шығыстары – 7.1 жүйесі бойынша барлық төрт шығыс арқылы қосу (7 ...8 – арналар)
4.3 .сур.Арналарды бөлу
2-ші шығыс – орталық арна немесе сабвуфер (3 жəне 1);
3-ші шығыс – артқы сол жəне оң арналар (7 жəне 6);
4- ші шығыс – бүйір жақ сол жəне оң арналар (8 жəне 5). Құлаққаптарды PCI-карталарға, сол сияқты тиісті таңбаланған шығыс арқылы сыртқы құрылғыға қосуға болады.
Интернет-ресурстарды қолданып, «Дыбыстық картаның құрылымы» немесе «Мультимедия» тақырыбына таныстырылымды жасаңдар.
Интернет-ресурстарды қолданып, мəтіндік редакторда «Дыбыстық карталардың интерфейс сипаттамасы» кестесін рəсімдеңдер.
Мультимедиялық жабдықты қосу жөнінде электрондық фотоальбом-нұсқаулықты жасаңдар.
Дыбыстық жүйеге арналған бұрын ұсынылған бағдарламалардан бағдарламаны таңдаңдар, Интернет-ресурстарды қолданып, бағдарламаны сипаттандар. Мəтіндік құжатта бағдарлама туралы ақпаратты сақтаңдар: бағдарламаның атауы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату типі (портотивтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлемі, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіншіліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |