Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


КОМПЬЮТЕРДІҢ ІШКІ ЖАДЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ



бет21/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

2.5. КОМПЬЮТЕРДІҢ ІШКІ ЖАДЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ



ДК жады енгізу-шығару құрылғылары арқылы келіп тұратын өнделетін деректер мен орындалатын бағдарламалардан тұрады. Жады күрделі құрылым, əртүрлі типті сақтау құрылғыларынан тұратын, иерархиялық қағидатта құрылған. Қызметіне қарай екі бөлікке бөлінеді: ішк жəне сыртқы.
Ішкі жады тікелей процессормен байланысты жəне есептеулерге тура қатысатын, орындалатын бағдарламалар мен деректерді сақтауға арналады. Ішкі жады өз қатарына, жедел жəне тұрақты жады болып бөлінеді.
Жедел жады, ішкі жадының үлкен бөлігін құрайды, ақпаратты қабылдау, сақтау жəне беру үшін қызмет етеді. Бұл жады жедел деп аталады, себебі процессор жадыдан оқыған немесе оған жазған кезде күтуді қажет етпейді.
Тұрақты жады ақпаратты сақтау мен беруді қамтамасыз етеді. Тұрақты жадының құрамы ДК дайындағанда толтырылады жəне пайдалану кезінде өзгертуге жатпайды.

Жедел жадыны пайдалану шарттары

«Көк өлім экрандарының» пайда болу себептерінің бірі жедел жадының зығуы болуы мүмкін. Sandy Bridge ядрода процессорға орнатылған жады контроллері, аналық тақшаға орнатылған жедел жадының қызуын бақылауға қабілетті. Қалыпты температуралық режим 25-тен 35 °С-қа дейін шегінде. Егер жадының зызуы жадының заманауи чипінің жұмыс температурасын арттырса (45-тен 60 °С-қа дейін), онда контроллер оның жұмыс жылдамдығын елеулі төмендетіп, оны салқындатуға тырысады. Бұл үдеріс троттлинг (throttling) деп аталады. Кейде қызуды есептеу дұрыс болмайды жəне оныңн температурасы сыни температураға дейін алыс болса да, жадының жұмысы баяулайды. Осы құбылыспен күресу үшін Memory Throttle болады. Стандартты кернеу 1,5-тен 1,65 В дейін өзгереді.


Ішкі жадымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар

Hot Copy Paste бағдарлама көмегімен деректерді алмасу буферімен жұмысты жетілдіруге болады: алмасу буферінің құрамын қарауға жəне өзгертуге, жадыны ауқымды фрагменттерден тазартуға, компьютердің жедел жадысын жүктеусіз деректердің бірнеше фрагменттерін біруақытта сақтауға немесе жылжытуға мүмкіндік береді. Тестілеуге жəне жадының де фрагменттеуге арналған бағдарламалар: Mem Test, Free memory, Memory Throttle, Prime95 v.26.6 x64; S&M 1.9.1; MemTest86+ 4.2; TestMem5; Windows Memory Diagnostic. Таймингтер CPU-Z бағдарламаныңскөмегімен тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет