Blu-Ray жетектіорнатужəнеіскеқосу
Blu-Ray технологиясы жоғары сапалы дискілерді жазуға жəне жандандыруға мүмкіндік береді. Қолданылатын дискілердің форматы, стандартты DVD-дискімен салыстырғанда, бірнеше есе көп ақпаратты сыйдыруға мүмкіндік береді. Сатып алудың алдында компьютер жетекпен үйлесімдігіне көз жеткізіңіз. Бұл үшін монитордың айыру қабілеті жоғары сапалы видеостандартына сəйкес келетінін тексеру керек.
Компьютер жоғары сапалы жаңдандыру үшін цифрлік интерфейсті қолдануы тиіс. Тескеріндер: жедел жадының сыйымдылығы 2 Гбайттан кем болмауы тиіс; өнімділігі екі ядролық процессор деңгейінде, бейне карта жоғары сапал ыконтентті жандандыруы тиіс. Компьютерді өшіріп, қорапты ашыңдар. Қораптың металл бөліктеріне статикалық электр шешу үшін жасаңдар. Егер сізді ескі жетектің жұмысы қанағаттандырса, оны екінші ретінде қалдыруға немесе сөндіріп тастауға болады. Ол үшін бүйірлеріндегі бұрандаларды крест тəрізді бұрағышпен бұрап алыңдар да, деректер кабелімен қоректену кабелін ажыратыңдар. Жүйелі блоктың алдыңғы немесе артқы панелі жағынан ескі жетекті шығарып алыңдар.
Ескіжетеккеұқсасжаңанемесеескібөлікке 3,5" Blu-Ray- жетектіор- натындар. Жетекті бұрандалардың көмегімен немесе арнайы бекітетін механизммен бекітіңдер. Жетектің артқы панелінде қоректену кабелін жалғауға арналған ағытпаны табыңыз жəне қоректену блогынан келетінкабельдіңбосағытпасынжалғандар. Аналықтақшадабос SATA- порт табыңдар. Осы екі порты арнайы интерфейсті SATA-кабельдің көмегімен жалғаңдар. Компьютерді қосыңдар.
Орнату мастері арқылы драйверлерді орнатыңдар. Іске қосып əрі жұмысқа білетін тексергеннен кейін осы жетекті пайдалануға болады.
Тапсырмалар
BD-R 50 Гбайт сыйымдылықты алу үшін сыйымдылығы 4.7 Гбайтті қанша DVD-диск қажет, анықтаңдар?
Жоғары кеңейтілген тоғыз сағат шамасында бейнеақпаратты сақтау үшін BD-дискінің сыйымдылығы қандай болуы тиіс, талдаңдар?
Тəжірибелік тапсырмалар
Интернет-ресурстарды қолданып, «Оптикалық тасымалдағыштардың түрлері» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.
Интернет-ресурстарды қолданып, мəтіндік редакторда «Ақпаратты тасымалдағыштардың салыстырмалы сипаттамалары:
Flash жəне оптикалық тасымалдағыштардың» кестесін рəсімдеңдер.
CD/DVD/Blu-Ray дискілері жəне жетектермен жұмыс істеуге арналған бұрын ұсынылған бағдарламалардан бағдарламаны таңдаңдар. Интернет-ресурсты қолданып, бағдарламаны сипаттаңдар. Бағдарлама туралы ақпаратты мəтіндік құжатта сақтандар: бағдарламаның атауы, нұсқасы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату түрі (портативтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлем, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіндіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |