Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Веб-камералардың негізгі сипаттамалары



бет47/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

Веб-камералардың негізгі сипаттамалары

Қазіргі кездің веб-камералары екі типке бөлінеді: кəсіби жəне əуесқойлық. Біріншілері коммерциялық немесе күзет фирмаларында жасырынды мониторинг жасау мақсатында қолданылады. Мұндай камералар Интернетке тура шығады жəне компьютерді қажет етпейді.


Кəсіби модельдерді қолдану саласы мониторинг жасау қызметтерімен шектелген, олардың көмегімен Skype желісі арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыруға болмайды. Əлдеқайда неғұрлым үй жағдайларында қолданылатын USB-камералар танымал. Олар көпфункционалды жəне бейнетелефония, мониторинг немесе кəдімгі бейнежазба мен фотосурет жасауға қолдануға əбден мүмкін. Веб-камералардың неғұрлым ілгері модельдерін кəдімгі пластиктердің орнына, шыны линзалармен жабдықтайды, бұл фото- жəне бейнетүсірімнің аса жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компактілік үшін веб-камералардың кейбір модельдерінде микрофон ішіне салынады. Мұндай құрылым үздік дыбысталуды бермейді. Дыбыстық сигнал микрофоннан бейнесигналмен бірге беріледі. Микрофон немесе гарнитура жинақта сирек кездеседі, бұл жабдықты жеке қосу қажет, яғни байланыс үшін тағы бір кабель қажет болады.
Ең арзан модельдер мүлдем микрофонсыз келеді. Барлық веб-камераларда оптиканы қорғау үшін қолданылатын жəне механикалық түрде объективті жабатын, пердешелер бола бермейді. Сонымен қатар өндірушілер кейде пайдалы қызметті қоса береді, мысалы тəуліктің қараңғы уақытында немесе əлсіз жарықтану кезінде жұмыс істеу үшін инфрақызыл көмексі жарықты қосады. Мұндай көмескі жарық жасырынды мониторинг қызметімен жабдықталған веб-камераларда қолданылады. Кез келген веб- камера кадрдағы тиімді көрініске қол жеткізу үшін, тығырықта аныла алады немесе еңіс бұрышын өзгерте алады.
Logitech жоғары санатты веб-камераларда бейнеконференциялар, лездік бейнехабарламамен алмасу жəне көптеген басқа мақсаттармен байланысты мəселелерді шешуге арналған жаңа қызметтерге ие. Мысалы, бетті автоматты бақылау немесе Logitech камераларындағы Face Tracking режимі бас қозғалған кезде беттегі айқындылықты автоматты түрде фокустайды (бетті іздейді жəне бетті орталықтаумен көріністі автоматты түрде жақындатады). Кейбір камераларда бейнеəсерлерді қосудың мүмкіншіліктері көзделген, мысалы бетпен бірге қозғалатын виртуалды көзілдірікті салып қою. Ал кейбір веб-камералардың көмегімен анимациялық кейіпкермен мүлдем жауып қоюға болады.
Веб-камералардың негізгі сипаттамаларын келтірейік:
■ матрица мегапиксельдерінің саны, млн пикс (Mpix), – бұл параметр сурет пен бейненің барынша ажыратымдылығын анықтайды, бұл өз қатарында сапасына əсерін тигізеді. Оның мəні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы болады;
■ веб-камераны фокустау (немесе басқаша, «айқындылыққа туралау») қолмен фокустау, сол сияқты автоматты болуы мүмкін; бірінші жағдайда объективті айнала орналасқан арнайы дөңгелекпен айқындылықты қолмен реттейді, ал екінші жағдайда айқындылықты реттеуді сервожетек орындайды. Алайда веб-камералардағы автофокус кейде адам бетіне емес, кездейсоқ заттарға бапталады немесе əрдайым қайта фокусталады;
■ веб-камералардағы цифрлік zoom фото- жəне бейнекамералардағыдай сол қағидат бойынша жұмыс істейді, ол бейнекөріністі жақындата түсетіндей, суреттің ұсақ бөлшектеріне дейін ұлғайтады. Бұл қызмет бейнекөріністің интерполяциясы есебінен іске асырылады – суретті өндеудің арнайы технологиясымен, алайда егер түсірілім кішігірім ажыратымдылықпен өткізілетін болса, онда үлкейтілген бейнекөрініс түйіршікті болады;
■ кадрлардың жиілігі (кадр/с) – бұл көрсеткіш жазылатын бейненің сапасына əсер тигізеді. Кадрлардың мəні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейне аса бөлшекті жəне тегіс болады;
■ кез келген түсіру техниканысындай, ажыратымдылықтың көрсеткішібейнекөрініс сапасы үшін түбегейлі маңызға ие. Егер веб- камераны тек қана виртуалды онлайн қарым-қатынас үшін қолданса, 640х380 мəні əбден жеткілікті, неғұрлым сапалы суретті қалыптастыру үшін бұл мəн жоғары болады. Тек міндетті түрде байланыс арнасы мен сұхбаттасушының байланыс арнасының мүмкіншілігін ескеру қажет: сурет неғұрлым сапалы болса, соғұрлым ол баяу беріледі. Егер кадрларды ауыстыру жиілігі орташа мəннен жоғары болса, онда веб- камераның тамаша сипаттамаларына қарамастан, сұхбаттасушы айқын, алайда «тежелген» бейнені көретін болады. Егер байланыс жылдамдығымен мəселе болмаса, онда ажыратымдылығы жəне секундына 30 кадрдан артық кадрлардың ауысу жиілігі жоғары модельді таңдау қажет, - бейнекөрініс өте жақсы сапалы болады.
Веб-камераның фото ажыратымдылығы, əдетте, бейне режимінде максималды ажыратымдылықтан жоғары болады. Егер веб-камераның көмегімен сапалы фото жасау қажет болса, онда ажыратымдылығы 1 280 х 1 024 жəне 1 600 х 1 200 модельдер ең қолайлы. Сондай-ақ жеке лездік фототүсіру батырмасының бар болуы қолайлы толықтыру болады, мұндай шешім кəдімгі цифрлік фотокамераның мүмкіншіліктеріне жақындатады.
Жоғарыда аталған веб-камералардан шыға тұра, оларды шартты түрде төрт түрге бөлуге болады: Интернет бойынша қарым-қатынас жасау үшін, мониторинг жасау, ноутбукты жабдықтау, сондай-ақ имидждік модельдер. Веб-камераларды қолданудың əрбір төрт нұсқасы баптаудың өзіндік ерекшелігі мен өз бағдарламаларының жиынтығын қарастырады. Камераны Интернетте қатым-қатынас жасау үшін оңай. Осы мақсатта көптеген бағдарламалар жасалған, алайда пайдаланушылар Бкуре жəне Windows Live Messenger-ге артықшылық береді. Жұмыс істеу үшін олардың кез келгенін орнату жəне ДК немесе ноутбукқа USB-кабель арқылы орнату жеткілікті. Егер Windows топтамасынан операциялық жүйені қолданса, онда ОЖ өз бетінше құрылғыны анықтап таниды, содан кейін мессенджер-бағдарламасын іске қосып қарым-қатынасты бастауға болады. Мониторинг жасау үшін веб-камераны баптау күрделі келеді. Арнайы бағдаламалар қажет болады, əдетте олар осы қызметке ие веб- камералармен бірге жиынтықта жеткізіледі. Егер жиынтықта осындай бағдарлама болмаса, басқа əзірлеушілердің əмбебап утилиттарын пайдалануға болады, мысалы, Watcher 2.30. веб-камераларды қосу үдерісінде ДК кейбір тілдесу тəжірибесі бар пайдаланушыларда қиыншылықтар тудырмауы тиіс, сонымен бірге веб-камералардың көбі қосымша драйверлерді орнату мен баптау машақатын талап етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет