Кез келген жабдықты орнатудың алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет. Бірінші кезекте веб-камераның драйверлерін қосу қажет, содан кейін ғана камераның интерфейсіне қосады.
Камераларды орнатудың əртүрлі тəсілдері бар. Камераны арнайы қармаулардың көмегімен мониторға бекітуге болады. Жіңішке СК- мониторға ғана бекітеді. Егер камерада аяқтары немесе платформасы болса, оны үстелге немесе монитордың астына ортасына немесе сəл шетіне қарай қояды. Камеры имеют разные способы установки. Камеру можно прикрепить на монитор с помощью специальных захватов. Закрепить можно только на узкий ЖК-монитор. Если камера с ножкой или платформой, ее ставят на стол либо под монитор посередине, либо чуть- чуть сбоку. Широко распространены камеры с интерфейсом подключения USB-ді қосу интерфейсі бар камералар кеңінен таралған. Мұндай порттар əдетте жүйелі блоктың артқы немесе алдынғы панелінде орналасады. Желіден жұмыс істейтін веб-камералар да бар, тиісінше, оларды пайдаланғанда желілік сүзгіні қосу қажет.
Кез келген жабдық бағдарламалық жасақтаманы қажет етеді (драйвер), веб-камера ерекшелік болып табылмайды. Драйверлер камерамен бірге сатып алынған компакт-дискіде қоса беріледі. Дискілер көптеген камералардың жинағына кіреді. Драйвер салынған дискі болмаса, онда оны өндірушінің сайтынан немесе веб-камераның моделін біле отыра, басқа ақпараттық ресурстан жүктеп алуға болады. Одан əрі пернелерін шертіп отырып, дискіденорнату автоматты іске қосылумен өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ дискіде орнататын файлды таңдап алуға болады:: SETUP, Install немесе камера моделінің атауы.
Тəжірибелік тапсырмалар
Интернет-ресурстарды қолданып, «Веб-камераның құрылымы» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.
Веб-камераларды өндірушілердің сайттарын қолдана отырып (http://www.a4tech.ru, http://www.cbr-products.com,http://www.defender.ru), мəтіндік редакторда «Веб-камералардың техникалық сипаттамалары» кестесін рəсімдеңдер.
Веб-камералармен жұмыс істеу үшін бұрын ұсынылған бағдарламалардан бағдарламаны таңдаңдар, Интернет-ресурстарды қолданып, бағдарламаны сипаттаңдар. Мəтіндік құжатта бағдарлама туралы ақпаратты сақтаңдар: бағдарламаның атауы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату типі (портотивтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлемі, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіншіліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |