Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама



бет51/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған компьютер, цифрлік камера жəне цифрлік камераның қаптама жинағы.
Тапсырмалар

Цифрлік камера жөніндегі нұсқаулықпен жəне өндірушінің сайтымен танысыңдар, сондай-ақ техникалық сипаттамаларын анықтаңдар. Цифрлік камера қаптамасының жинағына не кіреді, тексеріңдер. Қосу интерфейсін жəне драйверді орнатудың қажеттілігін анықтаңдар. Цифрлік камера жинақтауыштарының жұмыс қабілетін анықтаңдар. Цифрлік камераның веб-камера ретінде жұмыс істей алатын мүмкіншілігінің жұмысын тестілендер. Цифрлік камерамен веб-камера сияқты бейне жазыңдар. Алынған деректерді тиісті файлға жазып алыңдар.


4.4. МУЛЬТИМЕДИА
Мультимедиа – бұл компьютердің дыбыстық картамен, колонкалармен (құлаққаппен), CD-ROM- немесе DVD-дискілермен жабдықтау, олардың арқасында музыкалық əуен тындауға, сондай- ақ тура компакт-дискіден бейне клиптер мен бейнефильмдерді көруге болады.
Колонкалармен жабдықталған монитор, мультимедиялық деп аталады.

Акустикалық жүйені пайдалану шарты

Акустикалық жүйені пайдаланған кезде бірінші ретте колонкаларға назар аудару қажет. Клонкалар заттардың астына қойғыш ретінде қолданылмауы тиіс. Колонкалар діріл болмайтын,


орнықты жазыққа орнатылады. Дұрыс пайдалану үшін табиғи желдетуді жасау, қолонкаларды қоқыс түсуден шектеу қажет.Əрбір өндіруші өзінің температуралық режимін ұсынады, мысалы: -20 °С- тан +60 °С-қа дейін немесе 15-тен 30 °С-қа дейін. Колонкаларды алдын ала желіден ажыратып, жұмсақ сұлықпен тазалау қажет. Колонкаларды жылу көзінің жанына орнату ұсынылмайды. Акустикалық жүйені кинескопты теледидарлардың жəне мониторлардың, сондай-ақ магнит өрістеріне сезгіш басқа аспаптардың жанына орнатуға болмайды.

Дыбыстық жүйеге арналған бағдарлама

RightMark 3DSound тестілеу пакеті DirectSound- үйлесімді дыбыстық құрылғылардың апараттық мүмкіншіліктерін жəне бағдарламалық қолдауды іске асыру сапасын тестілеуге мүмкіндік беретін тəуелсіз синтетикалық дыбыстық тесті жасау үшін арналған. Пакетке үш утилита кіреді: Positioning Accuracy test (DirectSound3D сынау кезінде дыбыс көздерінің сапасын тексеру), CPU Utilization test (DirectSound-құрылғының жұмыс істеу режиміне байланысты процессордың жүктеуін өлшеуге арналған тест), Data Analyzer (ОЖ-нің кездейсоқ белсенділік жарқылының əсерін жоққа шығаруға, сондай-ақ процессордың жүктелу сипаты туралы ақпараты көбірек алуға арналған статистикалық талдағыш).


RightMark 3DSound пакет жоғары деңгейде орындалған жəне қарапайым, сол сияқты кəсіби пайдаланушыларға келісті.
PassMark SoundCheck бағдарлама Windows-қа арналған қосымша болып табылады, ол пайдаланушыларға өз компьютерлерін, дыбыстық карталарын, колонкаларды жəне микрофонды, жоғары жəне төмен жиіліктерді жаңғырту үшін колонкалардың мүмкіншіліктерін тексеруге мүмкіндік береді. Тестілеу сигналдарының мүлтіксіз нысандарын жəне олардың айналма циклін жасау үшін бұрмалауларды іздеу кезінде PassMark-аудиокабель жəне шлейф қолданылады. Дыбыстық картаның осы қосымша мүмкіншіліктерін талдау үшін SoundCheck сондай-ақ FX аудиотестіжəне көлемді дыбыстық тесті қамтамасыз етеді. Стерео- немесе монодыбысдискреттау мен ажыратымдылықтың əртүрлі жиіліктерінде жазылуы жəне жаңғыртылуы мүмкін. SoundCheck кіріктірілген тон-генератордан тұрады, ол таңдалған жиілікте жəне дискреттаудың жиілігінде тест сигналдарын жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет