Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет55/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

Пернетақта күтімі

Пернетақтаны тазалудың алдында қуат көзінен ажырату қажет. Пернетақтаның корпусын құрғақ матамен сүртеді. Қатты кірлеген жағдайда оптиканы тазалауға арналған ылғалды сулықтарды қолданады. Егер қатты кірленген немесе кір перненің ішкі жағына тиген болса, оптиканы сүртуге арналған құрамында спирт бар құралдарды қолдануға болады. Матаны тазартқыш құралмен сəл сулап, пернелерді сүртіп шығу қажет. Пернетақтаны тазалау үшін еріткіштерді, бензин жəне спиртті қолдануға болмайды, олар пернетақтаның бетін бұзуы мүмкін.


Тінтуір мен пернетақтаға арналған бағдарламалар

Тінтуірді mice JUDGE утилитасымен тексеруге болады – манипулятор параметрлерін зерттеу үшін. Бағдарламаның мəні, ол тінтуірдің жылжуы туралы сигнал графиктерін құрады. Тиісінше X жəне Y бойынша екі ось құрылады. Тінтуірдің тұратын жері əдетте секундына жүз есе өзгеретіндіктен, тиісінше график та тұтас болмайды. Егер байсалды қисықтан (əсіресе қозғалыстың жоғары жылдамдықтарында) кенеттен ауытқулар пайда болса, онда бұл тінтуірдің жайғасым жүйесі мен сигналды өндеу жүйесі айқын жұмыс істемейтінің білдіреді, сондықтан көздеу кезінде қателер болуы мүмкін. Тінтуірді тестілеуге арналған басқа бағдарламалар да бар: MouseTest, Mouse v1.0, Enotus Mouse Checker. Пернетақтаны да тестілеудің бағдарламалары болады: PassMark KeyboardTest, KeyBoard Control, Swift Keyboard, Mediakey, Active Keyboard, Hot Keyboard Pro.


Тапсырмалар



  1. «Перентақтаның сипаттамасы» сұлбасындағы бос орындарды келесі деректермен толтырыңдар; USB, түйіспесіз, Wi-Fi, құрылым, қосу интерфейсі (5.1 сур.).



5.1 .сур. «Пернетақтаның сипаттамасы» блок-сұлба


Сұлбадағы сөздер: пернетақта, иілімді, классикалық, эргономикалық, мультимедиялық, ромб тəрізді, жетекті, түйіспесіз байланыс типі.

  1. 1.т мысалында «Тінтуір» сұлбасын жасаңдар.


  2. Көшіру жəне ендіріп қоюды орындауға мүмкіндік беретін пернелердің негізі үйлесімдерін атап шығыңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет