Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет127/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   198
 
Принтерлерді пайдалану шарты 
 
 
Кез  келген  принтер  өндірушінің  нұсқаулықтарын  ұстана 
отырып,  дұрыс  қолданылуы  тиіс.  Принтердің  нұсқаулығында 
өндіруші  принтерді  орнату  тəртібін,  картридждерді  ауыстыру 
тəртібін, шығыс материалдарының сапасына қойылатын талаптарды 
сипаттап  берген.  Нұсқаулықты  елемей  принтерді  пайдалану 
кепілдік  шарттарын  бұзады  жəне  сынып  қалған  жағдайда  сервис 
орталығы  кепілдік  міндеттерін  орындаудан  бас  тартуы  мүмкін. 
Ағынды  принтер  ұзақ  уақыт  тұрып  қалған  кезде  соплалары  кеуіп 
қалуы мүмкін, одан кейін баспа сапасын жаңғырту қиынға соғады. 
Сондықтан  баспа  тиек  кеуіп  қалмас  үшін,  бір-екі  аптада  бір  рет 
болсын  кішігірім  мəтінді  немесе  суретті  басып  шығарып  отыру 
қажет.  Баспа  картридж  жəне  сия  сауыт  бөлінген,  ағынды 
принтерлерде 
картридждің 
барлығын 
ауыстырмай-ақ 
сиясауыттарды  ғана  ауыстыруға  болады.  Бұл  өте  ыңғайлы  жəне 
сиясауыт арзандау тұрады. Сия қорын дербес сиясауыт толтырумен 
толтыруға болады, алайда бұл рəсім ұқыптылық пен дəлдікті талап 
етеді,  сондықтан  оны  тəжірибелі  пайдаланушылар  немесе  сервис 
орталығының мамандары өткізуі тиіс.   
В  Əр ағынды принтердің мəзірінде арнайы техникалық қызмет 
көрсетудің  опциялары  бар.  Осы  опциялардың  арқасында 
соплалардың ластанудан тазартуға, қағазды беретін аунақшалардан 


125 
бояудың  қалдықтарын  тазалауға  болады.  Бұл  опцияларды 
қажеттілігіне қарай қолдану ұсынылады.    
Ағынды  принтерлерде  пайдаланылған  сияларға  арналған, 
«памперс»  деп  аталатын,  арнайы  контейнер  бар.  Бұл  «памперс» 
толғанда, «нөлдеу» бағдарламаның көмегімен босатуға болады. Бұл 
рəсімдерді  сервис  орталығында  орындаған  жөн,  бұл  жағдайдағы 
дербестік принтердің істен шығуына əкелуі мүмкін.   
Сонымен  қатар,  принтерді  мерзімді  профилактикалық  тексеріп 
отыру  қажет.  Қажет  болғанда  оны  кір  мен  шаңнан  тазалап, 
механикалық  берілістерін  маймен  майлап  отыру  қажет.  Сонымен 
бірге  бөлмені  уақытында  жинап  отыру  қажет.  Шаң  жиі  ағынды 
принтер  жұмысында  туындайтын,  ақаулардың  себебіне  айналады. 
Шаң  құрылғы  механизмінің  ішкі  бөліктеріне  жиналады, 
нəтижесінде қажалу деңгейі артады, желтеду нашарлайды. Бұл үшін 
арнайы  ссұлықтарды  (сыртын  тазалау)  жəне  компрессор  немесе 
шаңсорғышты (ішін тазалау) қолдануға болады. Құрылғыны тазалау 
үшін ерітінділерді ешқашан қолдануға болмайды.    
Ағынды  немесе  кез  келген  басқа  принтерді  қауіпсіз  пайдалану 
үшін өндіруші рұқсат берген қағазда ғана басып шығаруға болады. 
Тым  жіңішке  немесе  тым  қалың  қағаз  автоберіліс  механизміне 
зақым  келтіруі  мүмкін.  Сондай-ақ  уқаланып  қалған  қағаз  істен 
шығуына  əкелуі  мүмкін,  сондықтан  баспа  үшін  оны  қолданбаған 
жөн. Принтер жұмыс істеп тұрған бөлмеде температура тым төмен 
немесе  тым  жоғары  болмауы  тиіс.  Жылдам  тозу  мен  баспа 
жылдамдығын  арттыру  үшін,  құрылғының  механикалық  бөлігі 
маймен  қапталады.  Май  төмен  температурада  тұтқырға  айналады. 
Бұл  механизімнің  жағдайы  мен  баспа-таңбасының  сапасына  əсер 
тигізеді.   
Принтердің  жарамдылық  мерізімін  ұзарту  үшін  бірнеше 
қарапайым, алайда дегенмен жиі барлығы сақтамайтын ережелерді 
сақтау қажет.   
Аппаратты тура күн сəулесі түсетін, терезенің жанына орнатуға 
болмайды. 
Күн 
сəулесінің 
ультракүлгіні 
картридждің 
фотобарабанына құртатын əсер етеді. Ультракүлгін терезе шынысы 
арқылы  кірмейді  деген  екі  жақты  пікір,  жете  дұрыс  емес – 
ультракүлгін  спектрінің  белгілі  бір  бөлігі  дегенмен  шыны  арқылы 
өтеді.  Фотоөткізгішті  қайтымсыз  зақымдау  үшін,  тура  сəуленің 
бірнеше минуты жеткілікті, бұл ізтаңбаның сапасына ақ немесе қара 
дақтар түрінде көрініс алады (жарық бергіштен фотоөткізгіш өткізу 
қабілетін жоғалтқан жерлерде немесе заряд ұстауда). 
Фотобарабанды  қандай  да  бір  сұйықтықтармен  жəне  оған  қоса 
реактивтермен  сүртуге  болмайды  (зарядты  ауыстыру  аунақшасына 


126 
да қатысты). Нəтижесінде ізтаңбаларда қара дақтар немесе жоғары 
фон  болуы  мүмкін.  Принтерге  əрбір  парақты  басып  шығарудын 
алдында баранданды тазалау жүйесі кіріктірілген жəне ол қосымша 
тазалауға  мұқтаж  емес.  Ең  болмағанда,  егер  бірнеше  парақты 
шығарғаннан  кейін  принтер  өзі  жоя  алмайтын,  барабанда  тонердің 
жабысып  қалған    дақтары  болса,  оларды  құрған  жұмсақ  матамен 
сүртіп кетіріп көруге болады. 
Принтерді  қыздыратын  аспаптардың  жанына,  ылғалдылығы 
жоғары жəне шаңданған  жерлерге  орнатуға болмайды. Осылардың 
барлығы  ізтаңба  сапасына  жəне  картридждің  қызмет  көрсету 
мерізіміне жəне принтердің де өзіне жақсы əсер тигізбейді.   
Мүмкіндігінше  сапасы  төмен  қағазды  қолданудан  бас 
тартыңдар.  Қағаз құрамында шайырдың көп болуы қымбат тұратын 
«пештің»  қызмет  көрсету  мерізімін  күрт  төмендетеді.  Сондай-ақ 
түпнұсқалық  емес  тонермен  картриджді  толтырудан  бас  тартқан 
жөн.   
Принтер жерге қосқышы бар қуат желісіне қосылуы тиіс. Себебі 
баспа  кезінде  заряд-бəсеңдеу  үздіксіз  үдерісі  жүріп  жатады,  заряд 
жерге  қосқыш  сыммен  жалғасқан  жақтаумен,  ал  ол  өз  қатарында 
барабанмен  жалғасқан  барабанның  түптөсеміне  ағуы  тиіс.  Егер 
жерге қосқыш контурмен байланыс болмаса, үздіксіз баспа кезінде 
заряд принтердің жақтауы мен корпусына жинақталуы мүмкін, бұл 
жартылай  бəсеңдетуге  əкеледі,  салдарында, «ақшыл»  ізтаңбалар 
түзіледі.  Сонымен  қатар  статикалық  электр  принтердің  кейбір 
электрондық құрауыштарына зиянды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет