Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет159/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   198
Пайдалану шарттары 
 
Ноутбукты пайдалану өндіруші ұсынған жағдайларда ғана 
рұқсат беріледі (тиісті пайдалану температурасы, сақтау 
температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, теңіз деңгейінен 
биіктігі жəне т.б.). 
Ұсынылған  температуралы  режимдер  жəне  ноутбуктың 
қоршаған ортасының ылғалдылығы: 
■  пайдалануға арналған температуралық диапазон – 10-нан 35 °C-
қа дейін; 
■  сақтауға арналған температуралық диапазон –-25 °C-тан +45 °C- 
қа дейін; 
■  салыстырмалы  ылғалдылық – 20-дан 80 %-қа  дейін, 
конденсатталмайтын. 
 
Ыстықта  ноутбуктер  тез  қызиды,  əдетте  қызып  кететін 
элементтерімен 
электроника 
төзбейді. 
Салқындату 
үшін 
салқындатуға  арналған  желдеткіштері  бар  арнайы  тұғырлан 
сатылады.  Ноутбукты  диван  немесе  керует  сияқты  жұмсақ 
жазықтықта  ұзақ  уақытқа  қалдыруға  болмайды.  Бұл  көптеген 
ноутбуктар  ішкі  құрауыштарын  салқындату  үшін  ауаның  негізгі 


161 
салмағын 
түбіндегі 
тіліктер 
жəне 
саңылаулар 
арқылы 
соратындығымен  байланысты.  Егер  оларды  жауып  қойса,  онда 
ноутбук  процессорды  қыздырудан  қорғау  іске  қосылғанға  дейін 
қатты қызитын болады. Ол іске қосылғанда ноутбук сөніп қалады. 
Ноутбукты  оған  күн  сəулесі  тура  түсіп  тұрғанда  пайдалануға 
немесе  сақтауға  тыйым  салынады,  күн  сəулелері  монитордың 
матрицасының кристалдарына тері əсер тигізеді.   
Температуралардың  ауысуы  да  қауіпті.  Қыста, «салқыннан» 
тасымалдағаннан  кейін  жылы  бөлмеде  жұмыс  істеуді  бастар 
алдында  ноутбукқа  климатқа  бейімделу  үшін  уақыт  беру  қажет: 
мұндай  жағдайларда  корпустың  ішінде  конденсат  түзіледі,  ол 
аналық  тақшаның  тоқ  өткізгіш  жолдарының  түйықталуы  мен  тот 
басуына  əкеледі.  Климатқа  бейімделуге  қажетті  уақыт – үш 
сағаттан кем емес.    
Ноутбукқа  қатты  электрмагниттік  сəуле  көздері  əсер  тигізеді, 
сондықтан 
қуатты 
электр 
аспаптарға 
көршілес 
орнату 
ұсынылмайды. Сонымен қатар ноутбукты сілкініс пен соққылардан 
қорғау  қажет,  себебі  бұл  ішкі  құрылғылар  (қатқыл  диск)  жəне 
сыртқы түріне əсер тигізеді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет