188
Тапсырма
Фотоаппаратты
қолданып,
кулердің
мойынтіректерін
майлау
кезеңдерінің толық нұсқаулығын жасаңдар. Жиналған материалды
«Кулердің
мойынтірегін
майлау»
мəтіндік
файлда
сақтандар.
Желдеткіштерді құрастыру (бөлшектеу) үшін, сондай-ақ тазалау үшін
құрал-саймандарды дайындаңдар: пинцет, қылқалам, алғыш-ілмек,
скальпель, жазық бұрғыш. Кулер мойынтірегін майлаудың алдында
желдеткішті шаң-тозаннан жəне өзге кірден мұқият тазалау қажет. Содан
кейін іске қосып, жұмыс қабілетін тексеру қажет (шуылға), себебі майлау
қажесіз болар (кейбір жағдайларда желдеткішті жаңасына ауыстыру қажет
болады). Неғұрлым тиімді қызмет ету үшін мойынтірек тораптарын
майлардың алдында ескі майлаудың кірлері мен қалдықтарын сүрті тастау
қажет. Бұл мақсатта арнайы тазалағыш Molykote S-1002
Spray қолданған
жөн. Бұл материал аэрозоль қаптамасында үйкеліс торабына жылдам
енеді, жұмыс беттерді тазартады жəне қалдықсыз буланып кетеді.
Molykote S-1002 Spray пластмасс жəне резеңке бөлшектерді бұзбайды
жəне электрондық құрауыштарға тигенде зақым келтірмейді. Егер бұл
тазартқыш болмаса, онда ескірген органикалық майды бензинмен, ал
силикондыны – ацетонмен сүртуге болады. Сонымен қатар абайлықты
сақтау қажет, себебі мұндай еріткіштер кейбір желдеткіштердің пластмасс
өнімдерінің сыртқы түрін бұзуы мүмкін.
Бұдан əрі желдеткіштегі мойынтіректің түрін анықтау қажет.
Сырғыма
Достарыңызбен бөлісу: