Өзгерту батырмасын шертіңіз. Виртуалды жады сұхбат терезесі
ашылады. Терезенің жоғарғы бөлігінде компьютерде бар барлық
қатқыл дискілер (немесе логикалық диск бөлімдері) көрсетіледі.
Солардың біреуін тінтуірмен шертіп таңдаңыз.
Төменде орнатылған айырып-қосқышты ұсынылатын үш
қосымшалардың біріне орнатып, үнсіз келісім бойынша
қабылданған жүктеу файлының баптауларын өзгертуге болады:
а) ерекше өлшем (өлшемін көрсету). Егер осы айыстырып-
қосқыш орнатылған болса, мегабайттардағы (Мбайт)
виртуалды жадының жүктеу файлының бастапқы жəне
максималды өлшемдері қолмен бапталады. Тиімді
шапшаңдылықты қамтамасыз ету үшін барлық дискілердегі
жүктеу
файлының
жалпы
бастапқы
көлемі