Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Мониторлармен жұмыс істеуге арналған



Pdf көрінісі
бет80/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   198
Мониторлармен жұмыс істеуге арналған 
бағдарламалар 
 
TFTTest  бағдарламасы  жиырма  түрлі  тестерден  тұрады  жəне 
монитор  бойынша  түбегейлі  ақпаратты  шығарады.  Тестер  көмескі 
жарық  біркелкілігі («Боялған  экран»  тесті),  түстерді  тарату  мен 
түсті  шешу («Өзгеретін  жарықтық  диагоналі»  жəне  «Өзгеретін 
жарықтық  түстері»  тестері),  жауап  беру  уақыты  мен  инерциялық 
(«Жылжымалы текше»тесті),сондай-ақ 
кереғарлық 
сияқты 


83 
монитордың параметрлерін тексеруге мүмкіндік беретін үлгілерден 
тұрады. TFTTest – CheckeMon бағдарламасына ұқсас. 
Monitors Matter CheckScreen бағдарламасы  тестілеудің  алдында 
мониторды  дұрыс  баптауға,  түстілік,  фокустандыру,  геометрия, 
энергиямен жабдықтау жəне т.б. тестерін өткізуге мүмкіндік береді. 
Сонымен  бірге,  бағдарламада  СК-мониторларға  арналған  жеке 
тестер  көзделген,  мысалы  пиксельдердің  бұлыңғырлығына, 
сапасына арналған тестер. 
Nokia Monitor Test бағдарламасы TFT-, LCD-, ЭЛТ-
мониторларының  жұмысын  тексеруге  қажетті  тестердің  үлкен 
жиынтығынан  тұрады.  Утилита  геометрияны,  мəліметтерді, 
шешуді,  муараны,  кереғарлықты,  жарықтықты,  фокустандыруды, 
мəтіннің  оқылымын,  түсті  таратуды  тексеруге  арналған  ұажетті 
үлгілерден тұрады. Бұл сатып алардың алдында ұнаған мониторды 
тексерудің жақсы тəсілі. Nokia Monitor Test бағдарламасы орнатуды 
қажет етпейді жəне толығымен тегін. 
Dead Pixel Tester 3.00 бағдарламасы  СК-мониторлардың 
экрандарында  «қираған»  пиксельдердің  бар  болуына  тексеру  үшін 
жасалған.  Бағдарлама  экранды  түрлі  түстермен  толтыруға,  СК-
экранның  кейбір  басқа  тестерін  өткізуге,  сондай-ақ  жөндемсіз 
пиксельді тірілтуге тырысатын Stuck Pixel Exerciser қызметін қосуға 
мүмкіндік береді. 
EIZO Monitortest бағдарламасы  мониторларды  мұқият  тестілеу 
мен баптауға арналған. Бағдарлама ерекше интерфейске ие жəне 24 
тестіден  тұрады  (түстілік,  муар,  геометрия,  ашықтық,  инерттілік 
жəне т.б.). əрбір тестке қысқаша сипаттама беріледі. 
PixPerAn 
бағдарламасы 
монитордың 
шапшаңдылығын 
анықтауға  ғана  арналады.  Бұл  үшін  əзірлеуші  алты  тест  даярлады, 
онда əртүрлі пішіндер (машинкалар, текшелер жəне тіпті космостық 
кемелер) əртүрлі жылдамдықпен қозғалады, сонымен бірге олардың 
жылдамдығы,  сол  сияқы  кадрлардың  сурет  жылдамдықтары 
өлшенеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет