Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Кемел жас (30 жастан-60-70 жас аралық



бет27/31
Дата10.12.2023
өлшемі322,51 Kb.
#136828
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Практикум по возрастной и педагогической психологии под ред. А-emirsaba.org

13 дәріс. Кемел жас (30 жастан-60-70 жас аралық)


Дәріс мақсаты: ЖОО студенттерінде кемел жас және олардың тұлғаларының даму ерекшеліктері туралы теориялық білімдерді қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Тұлға дамуының ерекшеліктері .Кәсіптік жетістік.
2.Балалармен қарым-қатынас.
3. Кемел жас және психологиялық жас.
Әдебиеттер тізімі:
1. Возрастная психология//Под ред.Л.Ф.Обуховой.М.,1996.
2. Асеев В.Г. Возрастная психология.Иркутск.,1989.
3. Возрастная и педагогическая психология//Под ред.А.В.Петровского. М.,1986.
4. Гальперин П.Я.,Запорожец А.В.Актуальные проблемы возрастной психологии.-М.,1989.
5. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-А.,1982.
1.Тұлға дамуының ерекшеліктері. Кәсіптік жетістік. Кемел жас - адамдардың көпшілігі үшін ең ұзақ жас кезең болып табылады. Бұл жас кезеңді зейнеткерлікке шығумен байланыстырады. Осы жасқа дейін адамдар өте бай өмірлік және кәсіби тәжірибе жинайды. Балалары өсіп, оларға деген қатынасы өзгеріп өзге сипатқа ие болады. Адам организімінде осы жасқа тән физиологиялық өзгерістер жүреді. Олар: қал жағдайы, көруі нашарлайды, раекциялары байаулайды, ер адамдардың сексуалдық потенциялары әлсірейді, әйелдер климаксты басынан кешіреді. Психофизикалық функциялар төмендейді, дегенменде бұл адамның когнентивті сферасына әсерін тигізбейді. Еңбекке қабілеттілік сол деңгейде қалып, еңбек және шығармашылық белсенділікті сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл жастағы адамдар стресске, депрессияға бейім келіп, жалғыздықты сезінеді. Кемел жас кезеңде өмірдің ең маңызды жағы кәсіби іс-әрекет пен отбасылық қарым-қатынас болып табылады. Кемел жас шақты ең басты ерекшелігі өз өмірінің мазмұны үшін өзгелердің алдындағы жауапкершілікті сезіну. Кемел жас шақтағы көптеген адамдарда 40 жастағы дағдарыс болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып табылады. Адам өз өміріне деген қанағатсыздықты уайымдайды. Өмірлік жоспары мен олардың іске асу арасындағы алшақтықты сезінеді. Бұл уақытта олардың балалары бөлек өмір сүре бастайды, жақын адамдары мен туысқандары қайтыс болады. 40 жастық дағдарыста адам өзінің өмірдегі ойларын қайта құрып, ңМен-концепциясынң қайта жасауына тура келеді.


Кәсіби жетістікке жету мәселесін көптеген психологтар ңакмэң ұғымымен байланыстырады. Ол дегеніміз шыңға жету. Психолог Э.Клапаредтің айтуынша Кемел жас шаққа келген адам кәсіби жетістіктің шыңына жеткенен кейін өзінің дамуын тоқтатады. Өзінің кәсіби шеберлігін шығармашылық потенциялын жоғарлатпайды. Осыдан барып көптеген адамдарда өмірлік энергиямен өмірлік белсенділік төмендейді. Бұл жастағы психикалық функцияларында инволюциондық процесстер басталады. Бұл биологиялық қартаюдың басталуымен байланысты. Кемел жас шақтың ерте және орта кезеңде бірінші фаза, яғни функциялардың жалпы қасиеттердің прогрессивті даму фазасы жалғаса береді. Дегенменде прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар, ол кәсіби іс-әрекет үрдісіндегі психикалық функциялардың ерекшелігімен байланысты. Кәсіби іс-әрекеттің барлық түрлері, шеберлік, білім және тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі физикалық және функционалдық дайындығымен бірге жүріп отыру керек.
Осы кезеңде көптеген адамдарда кәсіби шыңға жету төмендейді. Бұл әрине таңдалған мамандықтың ерекшелігіне байланысты. Мысалы, дәрігер мамандардың кәсіби шеберліктері физикалық және функционалдық дайындыққа тәуелді емес, мұнда кәсіби шеберлік зейнеткерлікке кеткенге дейін, тіпті еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі кезінде де сақталады.
Сонымен, жетекші іс-әрекет еңбек болып табылады, балаларға көмектесу, отбасындағы, жарымен арасындағы қарым-қатынас мәселелері бірінші жоспарға шығып, тұрақты сипатқа ие болады. Зрелость кезеңі белсенді еңбек ету кезеңі болғандықтан, адам өзінің барлық бос уақытын жұмысқа арнайды.
2. Балалармен қарым-қатынас. Ересек адамның ең басты міндеті - өз баласын тәрбиелеп, өсіру. Өсіп келе жатқан балаларымен қарым-қатынас жасау ерекшелігі жағдайға байланысты ата-аналарда әр түрлі болады. Ол жағдайлардың ең жетекші түрі ата-ананың балаға деген эмоциялық қатынасы. Психологияда оның үш вариантын қарастырады: эмоциялық, оның негізі сөзсіз махаббат; шартты махаббат және балагы қабылдамау. Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фромм сипаттап берген: “Аналық махаббат – бала өмірі мен оның қажеттіліктері үшін сөзсіз берілу. Аналық махаббат ең жоғары тұратын махаббат”. Баланы оның әдемілігіне немесе қабілеттілігіне, қазір немесе болашақта әкелетін қайғысына байланысты жақсы көрмейді. Балаға дәл осылай махаббат керек.
Шартты махаббат— шынайы емес махаббат. Мұнда баланы тек қана ата-ананың талаптарына жауап бергенде ғана жауап береді. Баланы тіл алғыш болғаны үшін, қиындық тудырмағаны үшін, жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді. Осы талаптарға қаншалықты жауап берсе ол соншалықты махаббатқа ие болады. Осындай шарттыз махаббат салдарынан балада сенімсіздік, мазасыздық пайда болады да, өзін-өзі бағалау деңгейі төмендейді. Баланы қабылдамау әр отбасында әр түрлі болады. Оны ата-ана сезінуі немесе саналы түсінбеуіде мүмкін. Оның себептері әр түрлі. Мысалы: ұл баланы күтіп еді, дүниеге қыз бала келді. Мамасы әдемі, ал оның қызы тұйық, көріксіз және осы қасиеттерімен атасын ашуландырады. Немесе әкесі- матеметик, ал баласында математикалық қабілеттер жоқ.
Балалар шарттыз махаббат пен ата-аналардың тарапынан б олған қаламаушылықты сезінеді. Ал бұл отбасындағы қатынасқа әсер етеді. Баланың тұйықтығы немесе ңкөшегең кетуі заң бойынша жеткіншектік кезде басталады.
Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі эмоциялық негізбен ғана емес, сонымен қатар тәрбие стиліменде анықталады. Тәрбиенің негізгі стилдері шектен тыс қамқорлық жасау , ңотбасы кумиріңң тәрбиелеу, немқұрайлы тәрбие, баланы қабылдамау. Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастар балаға және оның тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. Балалардың дербес ерекшеліктерін тәрбие мен оқыту үрдісінде ескеру керек.
Ата-анамен бала арасында симбиотикалық қатынас болады. Мұндай қатынас анасы баласын жалғыз тәрбиелеген кезде пайда болады. Симбиотикалық қатынас табиғи түрде спонтанды түрде пайда болады.
3. Кемел жас кезінде адам дамуы оның психологиялық жасының динамикасымен тығыз байланысты.
Оның бір-бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне сәйкес келмейтін үш түрін бөліп көрсетуге болады.
1. Хронологиялық 2. Физикалық немесе биологиялық 3. Психологиялық. Адамның физикалық жасы оның хронологиялық жасынын ерекшеленіп тұрады. Мысалы: 40 жастағы адам өзінің жасына қарағанда жас көрінуі мүмкін немесе керісінше кәрі көрінуі мүмкін.
Психологиялық жас адамның өзінің қалай сезінетіндігін көрсетеді. Ол көп жағдайда физикалық жасқа ықпал етеді. Психологиялық жас-бұл жастық идентификация. Бұл уақыт туралы ойға байланысты сана-сезім аспектісі. Уақытты қабылдау, жас туралы ойды қалыптастыру, мысалы: 3 жастағы бала ңқазіргі уақытпенң өмір сүреді, тікелей қабылдағандарына ғана эмоциялық жауап қайтарады. Есте сақтау мен қиял мектепке дейінгі жастан бастап қана маңызды бола бастайды. 3-4 жастан бастап бірінші балалық шақтары естерінде қалады. Бала қазіргі шақпен қоса өткен шақ пен болашақты, яғни уақыттық перспективаны меңгереді. Психологиялық өткен шақ пен болашақ адам әрекеттеріне ықпал етеді. Жас есейген сайын уақыттық перспектива кеңейе түседі, уақыт құндылығы өзгереді, ңөз уақыттың сана-сезімнің дамуына байланысты маңызды бола түседі.
Адамның психологиялық жасы адамна пайда болған уақыт перспективасына тікелей байланысты, адам одан тыс өмір сүре алмайды. Кемел жас кезеңде психологиялық жас көбінесі адамның дербес ерекшеліктеріне оның бағыттылығына, өмірлік мақсатына байланысты болады. Кемел жас шаққа психологиялық жастың бардық үш вариантты тән. Зрелость кезеңде жағдай күрделірек және бір тектес болмайды. Бұл биологиялық қартаюдың басталуымен байланысты. Хронологиялық жасты психологиялық жастың басып озуы ерте қартаюды білдіреді.. Бұл көбінесе өмірлік мақсаттардың орындалуына байланысты. Сонымен қатар ерте қартаю бақытсыздықпен-жақын адамнан айырылумен аурымен, табиғи және әлеуметтік апаттармен (оның ішінде жер сілкінісі және соғыс) де байланысты болады.
Махаббат, шығармашылық жетістікке жету, жақын адамның үлкен жетістікке қол жеткізуі немесе кариерасының өсуі психологиялық жасаруға әкеледі.
Психологиялық жастың хранологиялық жастан қалып қоюы әртүрлі сипатта болады. Мысалы: мұндай жағдайда адам есейе отырып пассивті, күнделікті жақын адамыныан қамқорлықты талап ететін болады.
Мұндай жағдайда психологиялық жастың қалып қоюы тұлғаның инфантильді бағдарының іске асыуына себеп болады, ал қалыптасқан стереотиптерге деген орентация қорғаныс механизміне ие болады.
Келесі бір ерекшелік іс-әрекетшіл шығармашыл адамдардың өздерін жас сезінуі, бұл жердегі жастық сезімнің сақталуы шынайы- нәтижелі жұмыспен байланысты. Өз ісіне деген шығармашылық қатынас кезінде адам алдынан әр қашан жаңа перспективалар ашылады, себебі шығармашылық үрдіс шексіз. Осы екінші жағдайда, яғни психологиялық жастың хронологиялық жастан қалып қоюы кемістік болып санамайды: Жастықтың сақталуы психологиялық жастың адекваттылығын жоққа шығармайды.
Сонымен, Кемел жас - адам өміріндегі ең ұзақ та маңызды кезең болып табылады. Кемел жас даму мақсатын көздейді. Кемел жастық кезең кейбір адамдар үшін жайғана хронологиялық ұғым болса, келесілері белгілі бір мақсаттқа жетіп өздерінің өмірлік белсенділіктерін байаулатады. Үшіншілері өздерінің өмірлік перспективаларын үнемі кеңіте отырып дамуларын жалғастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет