Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Ә.Шоқыбаев,  
Д.Ә.Қаражанова, М.А.Оразбаева 
 
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ 
ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ 
ПРАКТИКУМЫ 
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
2013
жыл 
Алматы  
2013  
1
0
0

6
0

4
0

2
0

8
0


УДК 24.1(075.8) 
ББК 546 я 73 
Ш 77 
 
Пікір жазғандар: хим. ғыл. док., профессор О.Ә.Алмабеков 
хим. ғыл. кан., Сағымбаева А.Е. 
 
 
 
Баспаға Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми Кеңесінің мәжілісі педагогикалық 
ЖОО студенттері үшін оқу құралы ретінде ұсынған 
№1 хаттама 28.08.12ж.  
 
Ж.Ә.Шоқыбаев және т.б. 
Ш 77 Бейорганикалық химияның теориялық негіздері және элементтер 
          химиясы практикумы: Оқу құралы / Ж.Ә.Шоқыбаев, Д.Ә.Қаражанова, 
          М.А.Оразбаева –Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013. – 226 бет. 
 
 
 
ISBN 978-601-232-736-6 
 
 
 
Оқу  құралында  бейорганикалық  химияның  теориялық  негіздері  және 
элементтер  химиясы  бойынша  жасалатын  зертханалық  жұмыстар 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша берілген. Сонымен 
қатар,  студенттердің  өз  бетінше  білімді  бекітуге  арналған  жаттығулар, 
есептер  және  тест  тапсырмалары  келтірілген.  Оқу  құралы  педагогикалық 
мамандықтар  даярлайтын  жоғарғы  оқу  орындары  студенттеріне  арналған. 
Сонымен қатар, оқу құралын мамандығы химия емес жоғарғы оқу орындары 
студенттері де пайдалануға болады. 
 
 
УДК 24.1(075.8) 
ББК 546 я 73 
 
 
 
 
ISBN 978-601-232-736-6 
 Ж.Ә.Шоқыбаев,  
Д.Ә.Қаражанова, 
М.А.Оразбаева, 2013 
 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық 
Университеті 
 
 
 
Шоқыбаев Ж.Ә., Қаражанова Д.Ә., Оразбаева М.А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бейорганикалық химияның теориялық 
негіздері және элементтер химиясы  
 
ПРАКТИКУМ 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2013 
 

 

І-Бөлім 
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері 
 
Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы 
 
№1 зертханалық жұмыс 
Жұмыстың  мақсаты:Зертханадағы  реактивтермен  жұмыс  жасағанда  қауіпсіздік 
шараларымен және химиялық ыдыстармен танысу 
Химиялық зертханада жұмыс істегенде төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет: 
1. Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу; 
2. Тәжірибеге қажетті  ыдыстар, құрал-жабдықтар мен реактивтерді  дайындап, оқытушыдан 
рұқсат алғаннан кейін жұмысты бастауға болады; 
3. Жұмыс ретін және барысын нұсқаулық бойынша жүргізеді; 
4. Тәжірибе барысындағы ӛзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау
5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу; 
6.  Дәптерде  күні,  айы,  тақырыбы,  жұмыс  барысы  (сызбанұсқа  немесе  құрал  суреті), 
байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады. 
 
Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану 
 
Зертханалық  жұмыстарға  қажетті  реактивтер  арнайы  столдар  мен  шкафтарда  сақталады. 
Тазалығы  жағынан  реактивтер  -  химиялық  таза  (х.т.),  анализ  үшін  таза  (а.ү.т.),  таза  (т)  деп 
бӛлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т.), ерекше таза (е.т.), тазартылған 
(т) және техникалық (техн) болып бӛлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін 
білген жӛн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және 
құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, оларды шыны, резина немесе ағаш тығынмен 
жабады.  Әрбір  реактиві  бар  ыдыста  реактивтің  аты,  сапасы  (х.т.,  а.ү.т.  немесе  т.б.)  және 
концентрациясы кӛрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға 
қатаң тыйым салынады! 
 
Реактивтерді қолдану ережелері 
 
1.Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек (уақыт және реактив үнемделеді). 
2. Артық алынған реактивті қайта ыдысына салуға немесе кұюға болмайды. 
3. Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына  қояды. 
4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немесе шпательмен алу керек. 
5. Егер реактивті питеткамен алса, оны жуу керек. 
6. Улы және  оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек. 
 
Химия зертханасындағы сақтық  шаралары 
 
1.Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді. 
2.Тартпа  шкафта  жұмыс  істегенде  оның  терезесін  1/4-1/5  бойына  дейін  кӛтеріп,  жұмыс 
біткенде жауып қою керек. 
3.Тәжірибені кір ыдыста жасауға тыйым салынады. 
4.Аммиак,  хлор,  бром, иод,  азот  қышқылы,  т.б.  ұшқыш  заттар  бӛліне  жүретін  жұмыстарды 
тартпа шкафта жүргізу керек. 
5.Қышқылдарды  және  сілтілерді  бір  ыдыстан  екіншісіне  құюға  зертхана  қызметкерлеріне 
ғана рұқсат беріледі. 
6.Рұқсатсыз химиялық ыдыстан су ішуге болмайды. 
7.Егер  оталғыш  сұйықтықтар  немесе  заттар  жанса,  спирт  шамы  тез  ӛшірілуі,  электр 
қондырғылары  суырылып  тасталуы,  оталғыш  заттар  басқа    жерге  әкетілуі  тиіс,  жанған 

 

сұйықты  асбест,  жай  кӛрпемен  жабады,  жанған  фосфорды  сулы  құммен  немесе  сумен 
ӛшіреді. 
8.Киім жанса, кӛрпеге немесе пальтоға орап ӛшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды. 
9.Электр  сымы  жанса,  тез  электр  тогын  ӛшіріп,  мүмкін  әдіспен  (құм,  су,  асбест  кӛрпесі) 
ӛшіреді. 
10.Ашық  жалынмен  жұмыс  істегенде  оталғыш  сұйықтары  бар  ыдыстарды  1  м  қашықтыққа 
кою керек. 
11.Оңай от алатын сұйықтықтарды ("оос" - бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа 
құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек. 
12.Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, 
эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін. 
13.Электролиз кезінде барлық контакт жақсы изоляцияланған болуы керек. 
14.Оталғыш  немесе  қопарылғыш  заттардың  қалдықтарын  кабинаға  немесе  қоқыс  салатын 
жерге тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып  қояды. 
15. Газ шыққанын тексеру үшін сабын ерітіндісі қолданылады. 
16. Кипп аппаратымен жұмысты ерекше сақтықпен жүргізу керек: а) құралға жанып тұрған 
спирт  шамын  жақындатуға  болмайды;  б)  сутегімен  жұмысты  бастамас  бұрын  газдың 
тазалығын тексеру керек. Ол үшін сынауыққа сутегін толтырады (сынауықты тӛңкеріп ұстау 
керек).  Сынауықты  бармақпен  жауып,  отқа  апарып  ашу  керек.  Егер  күшті  дыбыс  шықса, 
сутегімен  бірге  қоспада  оттегі  болғаны,  демек  сутегі  таза  емес.  Таза  сутегі  дыбыссыз  және 
жай  ғана  дыбыс  шығарып  жанады.  Сутегі  тазарғанша  тексеру  керек,  содан  кейін  сутегімен 
жұмыс істеуге болады. 
17. Бӛлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек (1-сурет). 
18. Реактивтерді құйғанда шашырандысы бетке, киімге тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстау 
керек. 
19.  Сынауықты  қыздырғанда  аузын  ӛзіңе  немесе  қасыңдағы  жолдастарыңа  қаратуға 
болмайды. 
20. Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, сумен тез жуып, сода ерітіндісімен ӛңдеу керек. 
Сілті тиген жерді сабынмен жуу керек. 
21. Күйген жерді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуу немесе құрғақ ұнтағымен 
ысқылау керек. 
22. Уланса немесе күшті күйсе тез дәрігерге бару керек. 
23. Зертханадан кетерде газ шүмегін және су ағатын шүмектерді тексеріп, токты ӛшіріп кету 
керек. 
 
Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудің сақтық шаралары 
 
1.
 
Концентрлі  қышқыл  мен  сілтілер  денеге  тигенде  күйдіреді.  Аяқ  киімге  және  киімге 
қышқыл немесе сілті тигенде тесіледі, жыртылады. 
2.
 
 Аммиак, бром, концентрлі азот немесе тұз қышқылын тартпа шкафта құю керек. 
3.
 
Күкірт  қышқылының  ерітінділерін  дайындағанда  қышқылды  абайлап  құю  керек. 
Қышқылға су құюға болмайды! 
4.
 
Құрғақ сілтілерді суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекпен ұстау 
керек. 
5.
 
Қышқыл  ерітіндісін  сілтімен  (немесе  керісінше)  бейтараптағанда  бір-біріне 
тамшылатып қосу керек. 
6.
 
Пайдаланылған  қышқылдың  немесе  сілтінің  қоспасы  бар  сұйықтықты  раковинаға 
құюға болмайды, оны арнайы ыдысқа құяды. 
7.
 
Хром қоспасы ӛте күшті күйдіреді және қауіпті. 
8.
 
Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) ӛте белсенді заттар екенін есте ұстау керек. 
Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет. 
Таразы  және  онымен  жұмыс  жүргізу 

 

 
Химиялық  зертханада  жиі  қолданылатын  таразымен  жұмыс  істеу  тәртібін  білу  қажет. 
Әдетте,  жуықтап  ӛлшеуге  арналған  таразы,  технохимиялық  және  аналитикалық  таразылар 
қолданылады,  жуықтап  ӛлшеуде  1-2  г  айырмашылық  болады,  ал  техникалық  таразыда 
массаны  0,01  г  дәлдікпен  ӛлшейді.  Қобдишаға  салынған  гірлер  жиынтығын  (қатарын)  ұсақ 
гірлер  деп  атайды.  Әр  түрлі  таразыларға  әр  түрлі  гірлер  қолданылады.  Гірлерді  таразыға 
салғанда  және  алғанда  арнайы  пинцетпен  ұстайды.  Бір  заттың  массасын  білу  үшін  оны 
таразының  сол жағындағы табақшаға қояды. Алғашқыда ірі гірлер, сонан соң таразы тепе-
теңдікке  келгенше  кішісін  қояды.  Затты  ыдысқа  немесе  қағазға  ӛлшеген  жӛн.  Ӛлшеуді 
бастағанда,  таразы  дұрыс  істеп  тұрғанына  кӛз  жеткізу  керек.  Ол  үшін  арретирді  тӛмен 
түсіріп стрелканың "0"-ден ауытқуын байқау керек. Егер таразы дұрыс істеп тұрған болса, ол 
стрелка шкала бойынша солға және оңға бірдей ауытқиды. 
Егер таразы дұрыс істемесе, оны дұрыстау үшін жоғарыдағы бір қосымша винттерді бұрау 
керек. Таразы дұрыс істеп тұрғанына кӛз жеткізген соң ӛлшеуді бастауға болады. Ӛлшенетін 
затты сол жақтағы табақшаға салады, ал гірлерді оң жаққа қояды, ұсақ гірлерді алғанда және 
салғанда  арретир  жабулы  болуы  керек,  табақшалар  қозғалмай  теңдікте  тұрған  күйінде 
таразы арретирленген деп аталады. Гірді қойғаннан кейін, арретирді қайта қояды да, келесі 
гірді  салады,  сӛйтіп  тепе-теңдікке  келтіреді.  Стрелка  екі  бағытта  бірдей  қозғалса  ӛлшеуді 
тоқтатута болады. Массаны жазып алады. Ӛлшегенде мына ережелерді сақтау керек: 
1.Егер техникалық таразы бұзылған болса зертхана қызметкеріне айту керек. 
2.Таразы  табақшасына  ыстық,  сулы  және  кір  ыдыстарды  қоюға  болмайды.  Сұйық  затты 
ӛлшегенде, ол таразыға және гірлерге тимеуін қадағалау керек.                                                                                                                                                                           
3.Басқа  қобдишадан  гірді  алуға  болмайды.  Егер  ӛлшенетін  гірлер  жетпесе,  ереже  дұрыс 
сақталмағаны. 
4.Егер  бір  зертханалық  жұмыста  бірнеше  рет  ӛлшеу  жүрізілсе  бір  таразымен  және  бір 
гірлермен  пайдаланған дұрыс. 
5.Ӛлшеп болған соң таразыны тазарту керек.  
6.Жұмыс  біткен  соң  таразыны,  гірлерді  тексеріп,  таразыны  арретирлеп,  жұмысқа  қоспаған  
күйде қалдыру керек. 
 
Қыздыру аспаптары 
 
Қыздыру  үшін  зертханада  әр  түрлі  аспаптар  қолданылады:  спиртовка,  газ,  электр 
плиталары және т.б. 
Спиртовка әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар ыдыс (2-сурет). Оларға денатурат 
спирт құйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша ыстық емес, спирт ұшпас үшін 
жұмыс біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек. 
 
1-сурет. Газдың иісін анықтау.                                             2-сурет. Спирт шамы. 
 
 
Бунзен  немесе  Теклю  жанарғылары.  Газ  зертханаларға  құбырлар  арқылы  келеді, 
столда шүмегі бар түтікшемен бітеді. Жанарғыны шүмекпен резина түтік арқылы жалғайды. 
Табиғи газ  -  улы, сондықтан ол ауаға шықпау керек, ол үшін газ шүмегін пайдаланбағанда 
берік  жабу  керек.  Табиғи  газдың  кейбір  түрлерінің  иісі  бар,  оның  шыққан  иісінен  білуге 

 

болады.  Зертханада  ӛте  жоғары  температура  алу  үшін  кейде  дәнекерлеу  жанарғылары 
қолданылады.  Егер  ұзақ  қыздыру  керек  болса  шамамен  100-300°С  арнайы  жылытқыш 
құралдар  қолданылады:  су  және  құм  жылытқышы  және  т.б.  Су  жылытқышы  металдан 
жасалған ыдыс (темірден, мыстан) бірнеше дӛңгелек қақпақтары бар, олар бірінің үстіне бірі 
киіледі.  Су  жылытқыш  пайдаланғанда  оны  2/3  бӛлігіне  дейін  сумен  толтырып  қайнатады, 
суы  таусылмауы  тиіс.  Құм  жылытқышы  -  табақ  тәрізді  ыдысқа  тазартылған  құм  салынып, 
қыздыруға арналған аспап. 600-1000°С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін 
қолданады. 
 
Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі 
 
Химиялық  тәжірибелерді  жүргізу  үшін  химиялық  шыныдан  жасалған  ыдыстар 
қолданылады,  олар  температураның  ӛзгерісіне  тӛзімді.  Кӛбірек  қолданылатын  ыдыстарға: 
сынауықтар,  стақандар,  колбалар,  конус  тәрізді  колбалар  және  Вюрц  колбасы,  реторталар 
жатады.  Шыны  ыдыстарға  кристаллизатор,  түрлі  воронкалар,  сағат  шынысы,  аллонж 
жатады. Фарфор табақшалар, тигельдер, эксикаторлар(21-24 суреттер) қолданылады. 
Шыны ыдыстарды (реторта, сынауық) қыздырғанда ұстатқышты қолданады. Фарфор 
тигельдегі затты қатты қыздыру үшін фарфор түтікшелері бар үшбұрышты сымға орнатады. 
Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі және келсап қолданылады. 
Сұйықтық  кӛлемін  ӛлшеу  үшін  ӛлшеуіш  ыдыстар:  колба,  цилиндр  және  мензуркалар(3-20 
суреттер)пайдаланылады.  Ӛлшеуіш  колбалардьң  мойнында  белгісі  бар,  олардың  кӛлемі  әр 
түрлі  2л,  1л,  500  мл,  250  мл,  200  мл,  100  мл,  50  мл,  25  мл  болуы  мүмкін.  Сұйықтықтың 
белгілі кӛлемін ӛлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады. 
 
 
а                              ә 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет. Сынауық               4-сурет. Химиялық стақан             5-сурет. Колбалар а) жайпақ түпті ә) дӛңгелек түпті 
 
 
 
 
 
а                                      ә                                          б 
 
 
 
 
 
6-сурет. а) Вюрц, ә,б) конус тәрізді колбалар                                                     7-суре         7-сурет. Реторталар

 

 
8-сурет. Пипеткалар: а) қарапайым,                                      9-сурет. Тамшылатқыштар. 
б) градуирленген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                 11- сурет. Сынауық ұстағыштар
 
 
 
 
 
 
 
 
10-сурет. Сақиналары мен ұстатқышы бар  
зертханалық штатив                                                     12 -сурет. Фарфор түтікшесі бар сымнан жасалған үшбұрыш     
 
 
          13-сурет

Асбест торы.                                             14 –сурет. Сұйық заттарды қыздыру және буландыру.
 

 

 
15-сурет. Ӛлшеуіш цилиндр.                     16-сурет. Ӛлшеуіш колбалар                           17-сурет. Мензуркалар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
18-сурет. Кристаллизатор.                     19-сурет. Сағат әйнегі.                           20-сурет Аллонж.     
 
 
              21-сурет. Фарфор табақша.      22-сурет. Қақпағы бар фарфор            23–сурет. Фарфор келі келісабымен 
                                                                             табақша.  
 
 
24-сурет. Эксикатор.                                   25-сурет. Ыдыс жууға арналған щеткалар (ерш). 
 
Химиялық  ыдыстарды  таза  ұстау  үшін  "ерш"  (25-сурет)  деп  аталатын  әр  түрлі 
щеткалар  пайдаланылады.  Ыдыстарды  кептіру  үшін    шкафтар  немесе  кептіргіш  тақта 
пайдаланылады. 
1000 мл 
200 
мл 
1000 
600 
400 
200 
800 
500 
300 
200 
100 
400 
 

 

Зертханада  ыдыстарды  тығынмен  жабу  керек.  Әдетте  үш  түрлі  тығындар 
пайдаланылады: ағаш қабығынан жасалған, резина және шыны тығындар. Әр ыдысқа тығын 
дайындау керек. Қабық (ағаш) тығынның сәл үлкендеуін алып, арнайы преске салып, қысып 
кішірейтіп  нығыздап  алады.  Тығындарды  жуып,  таза  ұстау  керек.  Резина  тығындар  тығыз, 
ыдысты  жақсы  жауып  тұрады,  бірақ  резинаға  бензин,  бензол,  ацетон,  күкіртті  кӛміртек, 
күшті  қышқылдар  (әсіресе  күкірт  және  азот  қышқылдары)  әсер  етеді.  Аталған  заттар  бар 
ыдыстарды  жабу  үшін  резина  тығындарды  қолдануға  болмайды.  Кейде  тесілген  тығындар 
қажет  болады.  Тығынды  тесу  үшін  арнайы  бұрғылар  және  бұрғы  станок  қолданылады. 
Шыны тығындар сирек пайдаланылады. 
 
Сүзу 
 
Сұйықтықты  қатты  күйдегі  майда  қоспаларынан  бӛлу  сүзгіштер  арқылы  іске  асады. 
Сүзгіштен  ӛткен  сұйықты  сүзінді  (фильтрат)  деп  атайды.  Зертханада  жазық  және  бірнеше 
бүктелген  сүзгіш  қағаздар  қолданылады.  Тӛрт  бұрышты  қағаздан  сүзгіш  дайындау  үшін 
қағазды тӛрт бүктейді де ашық жағын қиып алып, воронкаға салады, сулайды, сүзгіштің шеті 
воронка шетінен 3-5 мм тӛмен болу керек(26-28 суреттер).  
 
 
26-сурет. Жазық және бірнеше бүктелген сүзгіш қағаздар. 
 
 
 
27-сурет.Воронкалар: химиялық, тамшылатқыш, бӛлгіш.                     28-сурет. Сүзу. 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
29-сурет. Вакумды пайдаланып сүзу. 1-Бунзен колбасы; 2-Бюхнер воронкасы; 3-сақтандырғыш ыдыс; 
4-су ағынымен вакумм түзетін насос. 
 
ЬІстықтай  сүзу  үшін  арнайы  шитқа  қолданылады.  Сүзуді  тездету  үшін  вакуумды 
пайдаланады.  Ол  Бунзен  колбасынан,  Бюхнер  воронкасынан  (фарфор)  және  сақтық 
ыдысынан    құралған,  оларды  шланг  арқылы  су  насосына  жалғайды  (29-сурет).  Егер  тұнба 
ерімейтін болса, оны жуғыш аспаптың кӛмегімен жуып тазартады (30-сурет). 
 
 
 
 
30-сурет. Сумен шаюға арналған аспап. 1-жайпақ түпті колба; 2-доғал иілген шыны түтік; 3- сүйір иілген шыны 
түтік;  4-ұшы сүйірленген түтік. 
 
Газдармен жұмыс істеу 
 
1. Газдарды алу. Газ тәрізді заттарды зертханада алу үшін Кипп аппаратын, ал сақтау үшін 
газометр  қолданады.  Алдымен  аспаптың  ауа  жібермейтінін  тексеру  керек.  Ол  үшін  газ 
түтікшесін  суға  батырып,  реакция  жүретін  колбаны  немесе  сынауықты  сәл  қыздырады. 
Аспап  герметикалы  болса  суға  ауа  кӛпіршіктері  бӛлінеді  де,  қыздыруды  тоқтатқанда  су 
сынауықтың  ішіне  тартылады.  Газ  алу  үшін  Кипп  аппараты  жиі  қолданылады.  Бұл  - 
шыныданжасалған  автоматты  істейтін  құрал.  Кипп  аппараты  шар  тәрізді  резервуарлардан 
тұрады.(31-сурет).Кипп  аппараты  кӛмегімен  кӛміртегі  (IV)  оксидін,  сутегін,  кӛмірсутегін, 
т.б. газдар алуға болады. Кипп аппаратында кӛміртегі (IV) оксидін алу үшін ортаңғы шарға 
мрамор  салып,  жоғарғы  воронкаға  тұз  қышқылын  құяды,  кранды  ашқанда  ол  жоғары 
кӛтеріліп, мрамормен  әрекеттесіп, газ бӛліне бастайды. Кранды жапқанда реакция тоқтайды.  
 









 
10 
а)  
ә) 
 
31 –сурет. Газдарды  алуға арналған аспаптар:  а)  Кипп аппараты (автоматты);  ә) тамшылатқыш воронкасы бар 
колба (қарапайым) 
 
2.Газдарды сақтау. Газдарды сақтау үшін газометрлер қолданылады (32-сурет). Газометр - 
су  құю  үшін  арналған  ұзын  воронка  кигізілген  жоғары  және  тӛмен  жағында  тубусы  бар 
шыны ыдыс. Жоғары тубус арқылы газ жинауға және пайдалануға болады. Тӛменгі тубусты 
газ  жинау  және  суды  тӛгу  үшін  пайдаланады.  Алдымен  аспаптың  герметикалығын  тексеру 
керек. Содан соң газометрді, воронканы сумен толтырады. Газ жинау үшін жоғары тубусқа 
шүмегі  бар  түтік  арқылы  газ  шығатын  аспап  жалғанады.  Тӛменгі  тубусты  жайлап  ашып 
газометрге  газ  толтырады.  Воронкаға  су  құйып  шүмектерді  жауып  газдарды  сақтайды. 
Газометрдегі газды пайдалану үшін шүмектерді ақырын ашу керек. Сол кезде су газометрге 
құйылып  газды  ығыстырып  шығарады.  Газометрде  қопарылғыш  газдарды  (сутегі, 
ацетилен, метан. кӛміртегі (II) оксидін) сақтауға болмайды. 
 
32 -сурет. Газометрге газ толтыру: 1,2- крандар; 3- воронка;  4-тубус. 

 
11 
3.Газдардыжинау.  Газдардың  ауа  бойынша  тығыздығына,  суда  ерігіштігіне,  улылығына 
байланысты оларды жинауды тӛртке бӛлуге болады. Біріншісі, ауамен әрекеттеспейтін және 
ауадан  ауыр  газдарды  жинау;  екіншісі,  ауадан  жеңіл  газдарды,  мысалы  сутегі,  аммиак,  т.б. 
жинау;  үшінші  улы  газдарды  жинау  үшін  колбаны  екі  газ  ӛткізгіш  түтігі  бар  тығынмен 
тығындап,  газдың  артық  мӛлшерін  газды  сіңіріп  алатын  сұйықтыққа  жібереді.  Мысалы, 
күкірт (IV) оксидін сіңіру үшін суды қолданады; тӛртіншісі, судың үстінде газды жинау деп 
аталады.  Жиналатын  газ  суда  ерімеуі  керек.  Цилиндрді  немесе  үлкен  сынауықты  суға 
толтырып,  аузын  шынымен  жабады,  суы  бар  кристаллизаторға  тӛңкеріп,  шыныны  алып, 
аузына  газ  ӛткізгіш  түтікті  енгізеді.  Газ  толғаннан  кейін  цилиндрді  судан  шығармай 
тұрыпаузын жабады, содан кейін судан шығарады (33-35 сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет