Откуда берутся выдающиеся достижения
Постоянный автор журнала New Yorker Малкольм Гладуэлл опубликовал прошлой осенью свою третью книгу. Как и две предыдущие («Озарение» и «Переломный момент»), она сразу вошла в список бестселлеров New York Times. Ажиотаж публики объясним: на этот раз Гладуэлл взялся доказать, что гениями не рождаются, а становятся в результате упорных занятий любимым делом. Кому не понравится такая теория? Forbes публикует отрывки из книги Гладуэлла «Гении и аутсайдеры», только что выпущенной на русском языке издательством «Альпина Бизнес Букс». Журнальный вариант.
То, что мы называем талантом, — результат сложного переплетения способностей, благоприятных возможностей и случайно полученного преимущества. Если белые вороны выигрывают благодаря особым возможностям, подчиняются ли эти возможности какой-нибудь закономерности? Как выясняется, да
Читайте подробнее на Forbes.ru:http://www.forbes.ru/forbes/issue/2009-04/7255-pravilo-10000-chasov
10 000 сағат ережесі Керемет жетістік қайдан пайда болады? Жиырма жыл бұрын психолог Андерс Эриксон өзінің екі әріптесімен бірге Берлинде музыка академиясында зерттеу жүргізді. Скрипка тобындағы студенттерді үшке бөлді. Бірінші топқа әлемдік кластағы жұлдыздар кірді, екінші топқа болашағы барлар деп бағаланғандар кірді. Үшінші топқа кәсіби музыкант болуы да мүмкін студенттер, негізінен мектептегі музыка пәнінің мұғалімдері кірді.
Барлық қатысушыларға бір сұрақ қойылды: Қолыңызға алғаш скрипка алғалы бері бүгінге дейін қанша сағат айналыстыңыз? Барлық студент дерлік скрипканы бес жасынан бастап ойнапты. Алғашқы бірнеше жылдар бойы барлығы дерлік аптасына екі - үш сағаттан айналысыпты. Бірақ сегіз жасқа қарай айырмашылықтар пайда болыпты. Өте жақсы студенттер басқаларынан көбірек айналысыпты: тоғыз жасқа қарай аптасына алты сағаттан айналысыпты, он екі жастарына қарай сегіз сағаттап, он төрт жастарында он алты сағат, ал жиырма жастарына қарай өз шеберліктерін дамыту үшін аптасына отыз сағаттан да көбірек дайындалыпты, жаттығыпты. Жиырма жасына қарай жақсы студенттердің сағаты 10 000 сағатқа жетіпті. Орташа дайындалып жүретіндердің сағаты 8000 мың, ал болашақ музыка мұғалімдерінің сағаты 4000 сағаттан аспапты.
Содан кейін Эриксон әріптестерімен бірге кәсіби пианистер мен кәсіпқой пианистерді салыстырыпты. Сондай скрипкашыларды зерттегендегідей заңдылық көрініпті. Кәсіпқойлар аптасына үш сғаттан артық жаттықпаған. Жиырма жасқа қарай олардың иығында 2000 сағат практикадан артық болмаған. Шеберлер, профессионалдар керісінше жыл сайын көбірек ойнаған. Жиырма жастарына қарай олардың әрқайсысы багаждарында 10000 сағат жаттығулары болған.
Қызығы сол, Эриксонға қатарластарынан аз жаттығып, ерекше күшін салмай шеберліктің жоғары деңгейіне жеткен адам таба алмапты. Осыдан шығатын болжам жақсы музыкалық мектепке түсетіндердің бір- бірінен айырмашылығы олардың қаншалықты еңбектенгеніне байланысты болып тұр. Тағыда айта кетерлік жақсы студенттер басқаларына қарағанда жай ғана көбірек жұмыс істеген жоқ, олар тым көп жұмыс істеді. Кәсіби құзіреттіліктерді зерттеулерде ондаған, жүздеген тәжірибесіз шеберлікке жетудің мүмкін емесі айтылды. Ғалымдар тіпті шеберлікке жеткізер сиқырлы санды есептеп те қойыпты: 10 000 сағат. Невролог Даниель Левитин:
« көптеген зерттеулердің ішінен мына картина ерекше көрінеді: әңгіме қай сала болмасын, шеберлік деңгейіне жету – әлемдік эксперт мәртебесі деңгейіне жақын, 10 000 сағат практиканы керек етеді. Кімді алсаңыз да, мейлі композитор, мейлі жазушы, пианист, шахматшы т.б, - осы сан таңқаларлық жиілікпен кездеседі. Он мың сағат дегеніміз – шамамен күніне үш сағат практика немесе он жыл бойы аптасына жиырма сағат деген сөз. Бұл біреуге қарағанда сабақтың біреуге пайдасы көбірек тиді дегенді түсіндірмесе керек. Әзірге шеберліктің жоғары деңгейіне аз уақытта жеткен жағдай болмаған сиқты.
Миға қажетті барлық ақпаратты меңгеріп алуы үшін соншалықты уақытты талап ететін сиқты әсер қалдырады.