Қылмыс объектісі - қол сұғушылыққа бағытталған қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объективтік жағы - зиян тигізетін немесе зиян келтіретін, зиян келтіру қаупін тудыратын қоғамға қауіпті әрекет.
Қылмыс субъектісі - қылмыстық жауаптылық жасы, есі дұрыстық.
Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық).
Қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысу дегеніміз екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы.
Қылмысқа қатысушылар:
Орындаушы-қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға тікелей қатысқан адам.
Ұйымдастырушы-қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе орындалуына басшылық еткен адам, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық ұйым құрған немесе оларға басшылық еткен адам.
Айдап салушы- басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен қылмыс жасауға көндірген адам
Көмектесуші-кеңестермен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам.
Адамдар тобы жасаған қылмыс
Егер қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.
Егер қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық жаза
Жаза - дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық жазалар:
айыппұл салу;
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыру;