Эклампсия — гестоздың ең жоғарғы сатысы, жүкті әйелдің полиорганды жетіспеушілігінің салдарынан пайда болатын эпилепсияға ешқандай қатысы жоқ құрысу-тырысу ұстамаларымен сипатталатын синдром.
Эклампсия — гестоздың ең жоғарғы сатысы, жүкті әйелдің полиорганды жетіспеушілігінің салдарынан пайда болатын эпилепсияға ешқандай қатысы жоқ құрысу-тырысу ұстамаларымен сипатталатын синдром.
Эклампсияда әйел ағзасының барлық мүшелер мен жүйелер патологиялық өзгеріске ұшырап, ми ұлпалары ісініп, әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып эклампсия талмасы басталады. Талма басталар алдында, әйелдің басы қатты ауырып, көзінің көруі нашарлап, АҚҚ көтеріліп, мазасызданады. Әрбір эклампсия талмасы 1-2 мин созылады.
Эклампсия кезеңдері:
І кезең. Талма алдындағы кезең
ІІ кезең. Тоникалық ұстама кезеңі
ІІІ кезең. Клоникалық ұстама кезеңі
ІV кезең. Ұстамадан айығу кезеңі
1. Ұстама алдындағы кезеңі. Бет бұлшық еттерінің майда тартылуы пайда болады. Науқастың қабағы жабылады, тек көздің ағы көрінеді, езуі төмен түседі. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.
1. Ұстама алдындағы кезеңі. Бет бұлшық еттерінің майда тартылуы пайда болады. Науқастың қабағы жабылады, тек көздің ағы көрінеді, езуі төмен түседі. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.
2. Тоникалық ұстама кезеңі. Дене бұлшықеттерінің титаникалық жиырылуында денесі қақиып, қатып қалады, тыныс алысы тоқтайды, беті көгереді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20-30 секундқа созылады. Бұл ана мен балаға қауіпті кезең.
3. Клиникалық ұстама кезеңі. Беттің, дененің, аяқ-қолдың бұлшықеттері қатты тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады. Ұстама біртіндеп әлсірей бастайды. Науқас қырылдап, тыныс алуы шулы болады. Аузынан көбік шығады, кейде тілін тістеп алуына байланысты ауызынан қан аралас көбік көрінеді.

4. Ұстаманың шешілуі, яғни аяқталу кезеңі. Ұстама аяқталғаннан кейін науқас біраз уақыт кома жағдайында болады, есі біртіндеп кіреді, болған жайды есіне түсіре алмайды. Команың ұзақтығы әр түрлі, кейде бірнеше сағатқа созылады. Эклампсия ұстамасы кезінде дене қызуының, қан қысымының көтерілуі мүмкін.