құрайды. Гетерохроматин ядра шетінде орналасады. Цитоплазмасында кӛпіршіктер,
лизосомалар, бос рибосомалар, полисомалар, митохондриялар, Гольджи жиынтығы,
центриольдер, түйіршікті ЭПТ ның аздаған элементтері кездеседі. Кіші лимфоциттер
ашық және күңгірт болып жіктеледі. Кіші күңгірт лимфоциттер ашықтарға қарағанда
ұсағырақ, ядросы тығыздау болып келеді. Лимфоциттер жіктеледі: В-лимфоциттер,
Тлимфоциттер және нӛльдік лимфоциттер. В-лимфоциттер (30%) алғаш рет құстардың
фабрициус дорбасынан (bursa Fabricius) анықталған, сәйкесінше атауға ие болды. Олар
адам эибрионында бағаналы жасушалардан түзіледі – бауыр мен сүйек кемігінде, ал
ересек адамдарда – сүйек кемігінде пайда болады. Олардың басты
функциясы -антидене
түзуге қатысу , яғни гуморальді иммунитет қалыптастыру. Т-лимфоциттер, немесе
тимустәуелді лимфоциттер (70%), сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан пайда
болады, ал пісіп жетілуі тимуста жүреді, сәйкесінше атауға ие болды. Т-жасушалардың В-
лимфоциттерден ерекшелігі плазмолеммасында иммуноглобулин рецепторлары аздау
болып келеді. Әйтседе Т-жасушаларда антигенді танитын және байланысатын
спецификалық рецепторлары бар, сол себепті иммундық реакцияларға қатысады. Негізгі
қызметі: жасушалық иммунитет қалыптастыру. Түрлері : Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер.
Достарыңызбен бөлісу: