Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет67/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

    Бұл бет үшін навигация:
  • Атауы
Эндохондралды сүйек шеміршек тінінен дамыған сүйек 
Периост- ол сүйекті сыртынан қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. 1-ші қабат тығыз 
талшықты дәнекер тінінен, ал 2-ші қабат борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Ол 
қорғаныш, регенерациялық, тіректік және трофикалық қызмет атқарады. 
Сіңірлер саусақтарда,басшпайларда және тағы басқа жерде кездеседі. Ол саусатарды бүгу 
және жазу қызметтерін атқарып, сүйектерді бір-бірімен байланыстырып фиксациялық 
қызмет атқарады. 
Атауы: Тікелей емес остеогенез. Сүйектің шеміршек орнында дамуы.
Бояуы: Кесте 
Орналасуы: шеміршек тіндерінде, тікелей емес остеогистогенезбен ұзын түтікті сүйектер 
мен жамбас сүйектері дамиды 
Қызметі: Қаңқа сүйектерін түзу 
А, Б, В, Г-остеогенез кезеңдері. 
Қаңқа сүйектерінің көпшілігі тікелей емес остеогенез арқылы түзіледі. Тікелей емес 
остеогенез келесі кезеңдерді қамтиды: 
* сүйектің шеміршек моделінің пайда болуы (болашақ сүйекке ұқсайтын гиалинді 
шеміршек тінінен); 
* перихондральды сүйек манжеттерінің пайда болуы; 
* диафизде эндохондральды сүйектің пайда болуы; 
* эпифиздерде эндохондральды сүйектің пайда болуы және эпифиздік өсу плиталарының 
пайда болуы. 
1-түтікшелі сүйектің біріншілікті шеміршек моделі; 2-перихондр; 3-шеміршек 
тіні; 4- перихондральді сүйекті манжетка; 5-периост; 6-шеміршек 
жасушаларының тізбегі; 7-көпіршікті жасушалар аймағы; 8-шеміршекке 
мезенхиманың енуі; 9- остеокласттар; 
10-шеміршекке қантамырының енуі; 11-остеобласттар; 12- эндохондральды 
(іштей сүйектену); 13-эпифизде сүйектенудің пайда болуы. 


Атауы: Сүйектің шеміршек орнына дамуы. Остеокласттар. 
Бояуы: Гематоксилинэозин.х400. 
Гематоксилин-эозин-жиі қолданылатын бояу. Бұл негіздік бояу мен қышқылдық бояуы. 
Цитоплазманы сары түске, ядроны күлгін түске бояйды.
Остеокласттар-минералды компонентті еріту және коллагенді бұзу арқылы сүйек тінін 
алып тастайтын омыртқалы жануарлардың алып көп ядролы жасушалары 
Остеокласт-үлкен көп ядролы жасуша. Әр түрлі мәліметтерге сәйкес, онда 10-нан 100-ге 
дейін ядро бар, ал диаметрі 40-200 мкм аралығында өзгереді 
Остеобласттармен бірге остеокласттар сүйек тінінің мөлшерін бақылайды (остеобласттар 
жаңа сүйек тінін жасайды, ал остеокласттар ескісін бұзады). 
Остеокласттар-жасушааралық заттың резорбциясына қатысатын көп ядролы алып 
жасушалар. Олардың цитоплазмасында гидролизге бай лизосомалар көп. 
Остеокласт-бұл сүйек макрофагы (басқаша айтқанда, сүйек тінінің ішінде ерекшеленетін 
Моноцит). Әдетте көптеген лизосомалар болады. Лизосомалардағы гидролитикалық 
ферменттердің бөлінуімен сүйектің негізгі заты мен кальцийленген шеміршек 
резорбциясы жүреді 
1- қан тамырлары бар мезенхима; 
2- остеокласттар; 
3- сүйек трабекулалары; 
4- остеобласттар; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет