5- артқы эпителий
Қасаң қабық 10 қабаттан тұрады: пигментті эпителий қабаты, таяқша мен сауытшалар,
сыртқы шектеушілік мембрана, сыртқы дәнді қабаты, сыртқы торлы қабат, ішкі дәнді
қабат, ішкі торлы қабат, ганглионарлы қабат, жүйке талшықтарының қабаты, ішкі
шектеуші мембрана. Сауытшалар мен таяқшалар фоторецепторлы нейрондардан
құрылады. Адамда таяқша нейрондардың саны 130 млн-дай. Таяқшалардың орналасуы
көп жағдайда торқабықтың шеткі бөлімдерінде. Ал сауытша тәрізді нейрондардың саны 6-
7 млн. Бұлар заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин
жарықта белок пен ретинальға ыдырайды Сауытша тәрізді нейрондардың көпшілігі сары
дақта орналасқан. Сауытшалардың туа бітті болмауы ол дальтонизм, яғни түстерді
ажырата алмаумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: