Атауы: Нерв талшықтарының құрлысы
Бояуы: Электронды микросурет
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз)
және миелинді
(үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше
біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған. Қызметі:
қозуды өткізу
Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі
біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады.
ішкі қалың миелінді қабығын
сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне
байланысты
сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын
сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын —
афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке
толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі
мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке
талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды. Қызметі: Нерв импульстарын өткізу
А, а-миелинді талшықтары, Б, б-миелинсіз талшықтары; 1-осьтік целиндрлер; 2-миелинді
қабық; 3-талшықты
дәнекер тіні; 4-миелинді кесу; 5-ядро нейролеммоциті; 6-түйінді
ұстау; 7-микротрубкалар; 8-нейрофиламенттер; 9-митахондрия; 10-мезаксон; 11-
базальдық мембрана
Достарыңызбен бөлісу: