Препараттарды



Дата25.11.2023
өлшемі31,52 Kb.
#127110
Байланысты:
фармокология


Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ ГаленӘбу Әли ибн СинаПарацельс еңбектерінде де айтылған. АрабияҚытайҮндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.

  • Фармакологияның дамуына:

  • О.Шмидеберг

  • Г.Мейер

  • В.Штрауб

  • А.Кларк (Ұлыбритания)

  • К.Гейманс (Бельгия)

  • П.Тренделенбург

  • К.Шмидт (Германия)

  • А.Кешни

  • Д.Бове (Франция)

  • О.Леви (Австрия)

Фармокологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекциялардыгормондық заттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат — сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардың табылуы органдарды ауыстыруға жол ашты. Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған. Фармакология саласындағы оқу және ғылым орт. (Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында Фармакология, фармацевтика және фармакогнозия кафедралары ашылды (1932). 1960 ж. ҚР ғылым академиясының Физиология ин-тында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты) Фармакология лабораториясы ашылды. Қазір Фармакологиялық зерттеулер Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, республикадағы барлық медициналық жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Соңғы 10 жылда жаңа технологияны қолдана отырып, өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттар туберкулез, қатерлі ісік және қатерсіз ісік ауруларын емдеуде және клиник. Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты — эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді.
Дәрілік заттар олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау ,топтастыру,бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған.
Мысалы:Мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17ғ-да)еңбектерінде,Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары,олардан дәрі жасау тәсілдері,пайдалану туралы мәліметтер жазылған.Сондай-ақ Гален,Әбу Әли ибн Сина,Парацельсең енбектерінде де айтылған.Арабия,Қытай,Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде -ақ дәрілік өсімдіктерлі көп пайдаланғаны белгілі болған.19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармакологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.
Фармокологияның алдына қойған мақсаттары.

  • Белгілі дәрілік заттарды дұрыс,ағзаға қауіпсіз қолдана білу.

  • Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.

  • Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.

  • Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып ,фитотерапиялық анализ жасау.

  • Клиникалық фармакологияны дамыту.

  • Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу,дозасын дұрыс тағайындау.

Фармакотерапия түрлері Этиотропты ем ауру себептерін жоюға бағытталған ем, мысалы, инфекционды ауруларда микробқа қарсы дәрілерді қолдану немесе токсикалық заттармен уланғанда антидоттарды қолдану. Патогенетикалық ем аурудың даму механизмдерін басу немесе жоюға бағытталған ем. Көптеген дәрілік препараттар патогенетикалық — гипотензивті, антиаритмиялық, қабынуға қарсы, психотропты т.б. әсер алуға негізделген. Симптоматикалық ем аурудың жеке белгілерін төмендету немесе жоюға бағытталған ем. Симптоматикалық заттарға ауырсынуды басатын препараттарды жатқызуға болады, олар аурудың себебі мен даму механизміне әсер етпейді. Бірақ, кейкездерде (мысалы, миокард инфарктында) олар патологиялық үрдістің ағымына әжептәуір әсер етеді, яғни шындығында патогенетикалық әсер беруі де мүмкін. Орын басушы ем табиғи биологиялық белсенді заттар жеткіліксіз болғанда қолданылатын ем. Орын басушы емде қолданылатын заттарға ферменттік препараттар, гормондар мен олардың баламалары, дәрумендер жатады, олар аурудың себебін жоймасада, көп жылдар бойы ағзаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мысалы, инсулин препараттары асқазан асты безінің аралшықтарында инсулин түзілуіне әсер етпейді, бірақ науқастың барлық өмірі бойына үнемі енгізіліп тұрса, оның ағзасында қалыпты көмірсулар алмасуын қамтамасыз етеді. Профилактикалық ем аурудың алды-алу үшін қолданылатын ем. Профилактикалық заттарға кейбір вирусқа қарсы, залалсыздандырушы препараттар, вакциналар, сары сулар т.б. жатады.
Қазіргі заманғы түсінік бойынша фармакология химиялық заттың ағзамен өзара әсерлесуі жөніндегі ғылым.
Бұл фармакологияның бірбағыты, ал екінші бағыты жаңа дәрілік затты іздеу болып табылады.
Фармакология бөлінеді
теориялық, эксперименталды және клиникалық бөлімдерге
іргелі фармакологияны құрайды.
Теориялық және эксперменталды фармакология
Эксперменталды фармакологияда
физиологиялық, биохимиялық, морфологиялық әдістемелік амалдар қолданылады.
Дәрі және дәрілік зат
тірі ағзамен әсерлескенде белгілі биологиялық әсер тудыратын, табиғи немесе синтетикалық немесе гендік инженерия әдісімен алынған, емдік, алдын алу және диагностикалық әсер алу үшін қолданылатын зат
Жаңа дәрілерді алудың көздері және жаңа дәрілік заттарды іздеп табудың жолдары
Эмпириялық, бағытталған синтез, мақсатты түрде бағытталған синтез, компьютерлік модельдеу жолы, дәрілік заттарды табиғи қордан алу жолы, дәрілік заттарды микроорганизмдерден алу жолы, дәрілік заттарды биотехнологияның көмегімен алу жолы.
Эмпириялық жол
Бұған іріктеу- скрининг немесе күтпеген жерден алыну мүмкіндігі жатады.
Эмпириялық жол «сынама және қателер» әдісіне бағытталған. Фармакологтар химиялық қосылыстардың бірқатарын алып, биологиялық тест (молекулалық, жасушалық, мүшелік деңгейде және жануардың тұтас ағзасында) жиынтығы көмегімен оларда қандай да бір фармакологиялық белсенділіктің бар-жоқтығын анықтайды.
Эмпириялық жол мысалы
Мысалы, микробқа қарсы белсенділіктің бар екендігін микроорганизмдерде; спазмолитикалық белсенділікті жеке дараланған тегіс салалы бұлшық етті мүшелерде (ex vivo); гипогликемиялық белсенділікті жануарларда (in vivo) анықтайды
Эмпириялық жол - - скрининг
Ары қарай зерттелетін қосылыстардың ішінен белсенділігі жоғарыларын таңдап алып, фармакологиялық белсенділігі мен уыттық деңгейін стандарт ретінде пайдаланылатын дәрілік заттармен салыстырады. Белсенді заттарды мұндай сұрыптау дәрілік скрининг (ағылшын тілінде screen - іріктеу) деп аталады.

Бірқатар препараттар медициналық практикаға кездейсоқ табу арқылы енген. Мысалы, бояғыштарға жататын қызыл стрептоцидтің микробқа қарсы белсенділігін анықтау нәтижесінде химиятерапиялық заттардың үлкен тобы - сульфаниламидтер пайда болды.


Бағытталған синтез:
мысалы, әртүрлі гормондық заттардың химиялық құрылымын оқып-үйрену нәтижесінде көптеген гормондық препараттар, адреналин, норадреналин, витаминдер, простагландиндер синтезделіп алынды.
Мақсатты түрде бағытталған синтез
«химиялық құрылым-фармакологиялық әсер» тәуелділігін түсінуге бағытталған. Мысал ретінде асқазанның ойық жарасын емдеуде қолданылатын H2 - гистаминдік рецепторлардың тежегіштерін айтуға болады. Сульфаниламидтер, новокаин, ацетилсалицил қышқылы синтезделіп алынды.
Компьютерлік моделдеу жолы.
Кванттық механикалық есептеу негізінде дәрілік заттар алынды.
Дәрілік заттарды табиғи қордан алу жолы.
Оған жануарлардың, дәрілік өсімдіктердің, минералды тұздардың өнімін алу жатады (инсулин, қалқанша безі гормондарының препараттары, ферменттік препараттар, ас қорытуды реттейтін препараттар).
Дәрілік заттарды микроорганизмдерден саңырауқұлақтардан алу
антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, макролидтер және т.б.
Дәрілік заттар биотехнологияның көмегімен алынды.
Бұған жасушалық және гендік инженерия (адам инсулині) әдісі жатады.
Жаңа дәрілік заттарды сынаудың
негізгі кезеңдері
Дәрілік заттардың өмірлік циклының әрбір кезеңіне «тиісті практика» (Good Practice) халықаралық стандарты немесе кәсіптік қызмет кодексі сәйкес келеді. Стандарттар дайын өнімнің тиімділігіне, қауіпсіздігіне және фармацевтикалық аспектілеріне кепілдік береді, тұтынушылардың мүддесін қорғайды, белгілі бір елде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін басқа елдердің мойындауы арқылы халықаралық сауданы жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Дәрілік заттардың өмірлік циклының кезеңдері
Клиникаға дейінгі сынау, Клиникалық сынау, Өндіріс, Көтерме сауда, Бөлшек сауда және дәріханалар жұмысы
Клиникаға дейінгі сынау
Дәрілік заттардың қауіпсіздігі және тиімділігін клиникаға дейін сынау Ережесі (Good Laboratory Practice, GLP)
Клиникалық сынау
Клиникалық сынауды жоспарлау, жүргізу, аяқтау, тексеру, анализдеу, сынау қорытындысы бойынша есеп құрастыруды қамтитын тиісті клиникалық практика (Good Clinical Practice, GCP)
Өндіріс
Дәрілік заттардың өндірісін және сапасын бақылауды ұйымдастыру Ережелері (Good Manufacturing Practice, GMP)
Көтерме сауда
Көтерме сауда Ережесі (Good Distribution Practice, GDP)
Бөлшек сауда және дәріханалар жұмысы
Фармацевтикалық (дәріханалық) практиканы ұйымдастыру Ережесі (Good Pharmacy Practice, GPP)
Дәрілік заттарды клиникаға
дейін зерттеу
Дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттегенде лабораториялық жануарларға (интактылы немесе дені сау жануарларда және адамда кездесетін аурулардың үлгісін жануарларда шақыру), жасуша дақылдарына және олардың органоидтарына тәжірибе жасалынады. Бұл зерттеулер лабораториялық жануарлармен жұмыс істегенде гумандық принциптер сақталғанда мәліметтердің дәлелдігін және сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Егер белгісіз қосылыс болса іріктеу-скрининг жүргізіледі.
Дәрілік заттарды клиникаға
дейін зерттеу парт ту
Зерттеу барысында орташа тиімділік дозаны (ЕД50 - жануарлардың 50 % әсер көрсететін доза) және өлімге әкелетін орташа дозаны (LD50 - жануарлардың 50 % өлім соқтырады) анықтайды.
nДәрілік заттың зиянсыздығы тексеріледі. Зиянсыздығын зерттеуде жалпы уыттығы, жедел және созылмалы уыттығы, арнайы уыттығы анықталады. Арнайы уыттығын анықтағанда дәрілік заттардың эмбриотоксикалығы, мутагендігі, канцерогендігі зерттеледі.Химиялық қосылыстың фармакологиялық әсерлері, фармакокинетикасы, уыттығы, жанама әсерлері зерттеледі. Бұрыннан қолданылып келе жатқан белгілі немесе уыттығы төмен эталондық препаратпен салыстырылады.
Бұл үшін жануарларға моделдік зерттеулер жүргізіледі.
Дәрілік заттар тек ересек адамдарға ғана емес, балалар ағзасы үшінде арналған, ересектерге қарағанда балалардың реакциясы мүлдем басқа, оларға қарама қарсы болып табылады. Сондықтан зерттеулер әртүрлі жастағы жануарларға жасалады.
Дәрілік зат осы сынаулардан өтсе, онда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігіне жіберіледі. Министрлік әрі қарай клиникалық сынаулар өткізуге рұқсат береді.
Клиникалық зерттеулер (Good Clinical Practice) - GCP Ережесіне сәйкес жүргізіледі
Клиникалық зерттеулер 4 кезеңнен тұрады.
Клиникалық зерттеулердің I кезеңі ерікті (4-24 адам) адамдардың тобында жүргізіледі.
I кезеңде фармакологиялық лабораторияларда ересек, салауатты адамдарда дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, биожеткіліктігі, метаболизмі, дәрілік заттардың жанама, жағымсыз әсерлерін зерттейді. Сондай-ақ тағам құрамының, жасының, жынысының, бауыр мен бүйрек қызметінің белсенді субстанцияның фармакодинамикасы мен фармакинетикасына тигізетін әсері зерттеледі.
Олардың нәтижесі осы топқа жататын белсенділігін жоғары дәрілермен салыстырылады.
Клиникалық зерттеулердің II-ші кезеңі
1. Белгілі аурулары бар науқастарға (100-200) тағайынлалады, бақылауға алынады, зерттеу қатаң бақылаумен жүргізіледі,. Препаратты қабылдауға байланысты дамыған теріс жанама әсерлер анықталады. Зерттеуді көптеген науқастарға жүргізу керек. Зерттеудің нәтижесі статистикамен дәлелденеді.
2. Зерттеулер негізінен салауатты, ерікті (волонтерлар) адамдарға жүргізілуі тиіс. Физикалық дамуы бірдей науқастар болмайды. Сондықтан, көбіне студенттерге жасау керек, себебі олар физикалық дамуы бірдей және салауатты деп есептелінеді. Оларға зерттелетін заттың зияны болмауын қамтамасыз ету керек және көп қаражат төленеді.
3. Сыналатын дәрі сол топтағы әйгілі дәрілермен салыстырылуы тиіс.
4. Зерттеуді қорытындылағанда объективтілік пен адекваттылық (бірдейлік) әдісті қолдану керек.
Клиникалық зерттеулердің III кезеңі
1. Зерттеуді көптеген науқастарға (1000-3000) жүргізу керек. Зерттеудің нәтижесі статистикамен дәлелденеді.

2. Зерттеудің шарттары препаратты шынайы қолдану жағдайына барынша жақындатылған.



3. Сыналатын дәрі сол топтағы әйгілі дәрілермен салыстырылуы тиіс.
Зерттеуді қатаң ғылыми негізбен алынған, яғни "ашық" (open), "плацебо" (біржақты көмескілік) және қосарланған көмескілік , үшжақты көмескілік әдістерін қолданып, бақылау жүргізу керек.
Қосарланған көмескілік дегеніміз қандай дәрі ішіп жатқанын науқас та және қандай дәрімен емдеп жатқанын дәрігер де білмейді, тек қана сынаушы біледі. Себебі, науқас басқа дәрі қабылдау жүргенін білсе, онда субъективті сезімдер болуы мүмкін. Ал, дәрігер білсе онда жоқ нәрсеге сенушілік - объективті сезімдер пайда болуы мүмкін.
4. Болашақта дәрілік зат резорбтивті әсер үшін тағайындалатындықтан, оның фармакокинетикасы міндетті түрде клиникада зерттеледі.
Зерттеу біткен соң жаңа дәріні енгізумен айналысатын ҚР ДС Мин-нің басқармасына жіберіледі. Олар практикаға енгізуге болатындығын шешеді. Шешілгеннен кейін Мемлекеттік Реестрге жіберіледі. Дәрінің тіркелетін нөмірі беріледі. Содан соң жаңа дәріні жасауға рұқсат етіледі, фармацевттік өндіріске жіберіледі.
Клиникалық зерттеулердің IV кезеңі
"Постмаркетингтік зерттеу" препарат сатыла бастаған кезден бастап жүргізіледі.
Бұрын белгісіз болған және сирек кездесетін жағымсыз әсерлерін анықтауға мүмкіндік береді
Фармакологияның басқа пәндермен өзара
байланысы
Фармакология - физиологиямен, биохимиямен, микробиологиямен өзара тығыз байланыста болады. Сонымен, фармакология басқа да әртүрлі медициналық-биологиялық пәндердің, оның ішінде физиологияның, биохимияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Мысалы, вегетотропты заттардың көмегімен медиаторлар АцХ мен НА-нің қатысуынан болатын синапстық импульстің берілу механизмі ашылды. Белгілі бір ферменттерді бағыттап тежейтін немесе оның өндірілуін жылдамдататын дәрілік заттардың алынуы энзимологияның дамуына әкеледі.
Психотропты заттардың әсерінен ОЖЖ-нің көптеген күрделі қызметтерін оқуға қол жете бастады. Галлюциногендердің ашылуы нәтижесінде психоздың эксперименттік моделін жасауға мүмкіндік туды, фармакологияның практикалық медицина үшін де маңызы зор. Белсенділігі жоғары көптеген препараттардың алынуы нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің жан-жақты әдісі болды.
Медициналық практикада кеңінен таралған заттарға - орталық және шеткі жүйке жүйесін ынталандыратын және тежейтін заттар, артериялық қысымды жоғарылататын және төмендететіндер; жүрек жұмысын ынталандыратындар; қан түзілуін, қан ұюын және зат алмасуды реттейтіндер жатады.
Жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын микробтар мен паразиттерге қарсы дәрілік заттардың маңызы зор.
Фармакологияның даму тарихы
. Эмпериялық кезең
фармакология алғашқы қауымдық құрылыстан бастап дами басады. Осы кезеңде дәрілік зат ретінде өсімдіктер қолданылған. Сол кезде өмір сүрген адамдар жануарларға еліктеп өсімдіктердің тамыры мен жемісін жегенде бұл өсімдіктердің әсерінен күтпеген жерден қандай да бір жаралардың, сырқаттардың жазылатынын байқаған. Эмпериялық кезең мистикалық кезең болып табылады. Құл иеленушілік кезеңдерде дәрілердің құдайдың күші бар делінген.
Религиялық схоластикалық кезең.
Осы кезеңде мәдениет, ғылым, дәрітану құлдыраған. Медицина монахтардың қолына өткен. Дәрінің әсерін айдың, жұлдыздың, планетаның орны өзгеруімен байланыстырған.
Фармакология ғылым ретінде капиталисттік құрылыста, 18- ғасырдың аяғында, 19- ғасырдың басында дами бастады.
Осы кезеңде тәжірибелік әдістер қолданыла бастады. Өсімдіктер-алкалоидтар бөлініп алынды. Синтетикалық препараттар өндіріле бастаған. Осының нәтижесінде химиялық фармацевтика өндірісі туды. 20-ғасырда химиотерапиялық бағыт басталды. Осы кезеңде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоятын химиялық заттар қолданыла бастады.
1920-1930 жылдары
патологиялық фармакология дами бастады. Модельдік эксперименттерде дәрілер қолданыла бастады.
1940 жылдан
биохимиялық бағыт дами бастады. Дәрілік заттар жасуша және молекула деңгейінде зерттелді
1970 жылдары
жасушалық және молекулалақы фармакология дәуірі басталды. Жәрілік заттар жасуша және молеула деңгейінде зерттеле бастады.
1980 жылдары
хроно және космостық фармакология дамыды.
1990 жылдары
кванттық фармакология пайда болды. Дәрінің құрылымы кванттық есептеу арқылы зерттелді.
Қазіргі кезеңде адамның геномы анықталды.
Енді жаңа фармакология ашылады.
Фармакологияның жетістіктері
Фармакология жетістіктері - клиникалық пәннің дамуына әкелді. Наркозға арналған заттар, жергілікті анестетиктер, кураре тәрізді заттар, ганглиоблокаторлар және басқа да көптеген табыстарға әкелді. Бұрын қол жетпей жүрген операцияларды орындауға мүмкіндік туды. Мысалы, мидың қатерлі ісігін алу, жүрекке операция жасау, ажырап қалған аяқ-қолды қайта жандандыру сияқты операцияларға қол жетті. Психоторптық заттардың ашылуы психиатриялық ауруханада өмірі өтетін науқастарды емдеп жазып, олардың жанұясына және жұмысқа оралуына мүмкіндік берді.
Фармакологияның жетістіктері
Гормондық препараттардың алынуы нәтижесінде эндокриндік аурумен ауыратын науқастарды емдеудің нәтижесі айтарлықтай өзгерді. Химиотерапиялық заттардың алынуы нәтижесінде аса қауіпті жұқпалы аурулар: тырысқақ, іш сүзегі, туляремия, безгек, бруцеллез, оба ауруларын және басқа да көптеген жұқпалы аурулар жойылды. Иммунитетті тежейтін дәрілік заттардың ашылуы науқасқа қажет басқа донор мүшелерін алмастырып салуға жағдай жасалды. Міне, осы келтірілген мысалдар фармакологияның қазіргі заманғы медицинада алатын рөлін көрсетеді.
Барлық медико-биологиялық ғылымдардың, соның ішінде фармакологияның дамуына үлкен үлес қосқан И.И. Мечниковтың фагоцитоз жөніндегі ілімі. Ол 1883 жылы фагоцитозды биологиялық құбылыс ретінде жариялады.
Фармакологияның әрі қарай дамуы үшін Л.С. Штерннің гисто-гематикалық тосқауылдар (ГГТ) жөніндегі ілімінің маңызы күмәнсіз. Л.С. Штерннің пайымдауынша гисто-гематикалық тосқауыл - ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұратын және экзогенді, эндогенді физиологиялық заттардың көмегімен қызметін реттеуге қатысатын серпімді, қозғалмалы аппарат. Гисто-гематикалық тосқауылдың дәрілік заттарға өткізгіштігі олардың физика-химиялық қасиетіне қарай таңдамалы болып келеді.
Н.П. Кравков фармакологиялық препараттардың әсері олардың химиялық құрылымына тәуелді екенін зерделеуге аса зор көңіл бөлді. Ол алғаш рет ағзаның дәрілік заттарға сезімталдық (немесе сезімтал еместігіне) проблемасын мәселе етіп қойды.
Паул Эрлих "рецептор" концепциясын ұсынды, онымен дәрілік заттардың әсерінің әсер ету механизмі тығыз байланысты. П.Эрлих «рецептор» түсінігін тірі жасуша протоплазмасының белгілі молекулалық топтарынан тұратын ұдайы өндіргіш аппаратты көрсету үшін қолданды.
Эрлих бойынша рецептор дегеніміз дәрілік препарат байланысқан соң биологиялық әсер тудыратын биомакромолекула. Қазіргі заманда кейбір авторлар рецепторларды аранйы және арнайы емес деп бөледі. Арнайы рецептор дәрілік заттың негізгі әсерін қамтамасыз етеді, арнайы емес рецептор әсерді жанамалай көрсетеді, сондықтан «үндемейтін» немесе арнайы емес рецептор деп аталады.
Дегенмен, рецептор - төменгі молекулалы лиганда байланысатын макромолекуланың белсенді топтамасы (ферменттің белсенді орталығы) немесе тұтас макромолекула деген қалыптасқан пікір жоқ. Сондықтан кейбір жағдайларда «танушы жүйелер» түсінігін қолданған жөн.
«Танушы жүйелер» немесе «айрықша жүйелер» деп қандай да бір лигандаларға жақын туыстығы бар, әрқайсысы белгілі бір қызметке жауапты (биологиялық сигналдың трансформациясына), бірнеше бөліктен тұратын күрделі биологиялық құрылымдарды атайды.
Фармакологиялық рецепция теориясының дамуы нәтижесінде жаңа заттар синтезделді. Бұл бағыттағы жұмыстардың қиыншылығы байланысты:
n1) фармакологиялық рецепцияның бірыңғай теориясының болмауына;
n2) рецепторлық молекула конфигурацияның аз ғана болса да ауытқуын тіркейтін өте сезімтал электронды аппараттың болмауына;
n3) биологиялық субстраттан рецепторлық белокты бөліп алудың қиындығына;
n4) рецепторлардың полиморфизмы мен полифункционалдығына.
Фармакологияның алдына қойған
мақсаттары
nҚатерлі ісіктерге қарсы жаңа дәрілерді алу;
nЖаңа нейротропты заттарды алу;
nВирустарға қарсы, паразиттерге қарсы жаңа заттарды алу;
n Дәрілік затты зақымданған ошаққа тасымалдайтын дәріні табу. Мысалы, микросомаларды, нано-бөлшектерді;
nСалауатты адамдар үшін физикалық жұмыс істеу және ойлау қабілетін жоғарылататын дәріні табу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет