Презентация Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері



Дата28.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#77029
түріПрезентация
Байланысты:
Акгул Абайтану презентация

Презентация

Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері


Орындаған: Жақсыбай Ақгүл
Тобы: ЕП-21-3К3
Қабылдаған: Бибулова Меруерт

Жоспар:

  • Абайдың әдеби ортасы
  • М. Әуезовтың пікір білдіруі
  • 1934 жылғы мақаланың мәнін тану
  • Абай мұрасының нәр алған үш рухани қайнар көздері
  • Абай мұрасының Шығысқа қатысының терістелуі
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Абайдың әдеби ортасы
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.

Ақын мұрасының нәр алған рухани көздерін тануда М. Әуезовтың пікір білдіруі Абай дүниетанымыныҢ Қалыптасуында ақын мұрасынын нәр алган рухани көздерін танып , білуге терең мән берiлдi. Бұл аса күрделі мәселенi абайтану тарихында отызыншы жылдары М. Әуезов көтерiп алғаш рет пікір білдірді . Бұл айрықша мәнi бар күрделі де аса жауапты тақырыпқа М. Әуезов алдын ала ғылыми даярлықтан өтiп барып кЕлдi . Орта Азия мемлекеттік университетiнiҢ түркология кафедрасында аспирантураны бiтiрiп , 1930 жылы шығыс классиктерiн түп нұсҚадан оқып , шағатай әдебиетін де терең меңгеріп , Европа әдебиетiн орыс тiлi арқылы еркiн таныҒан болатын . 1924-1927 жылдын өзінде – ақ Абайдың тұңғыш толық жинағын кұрастырып , Абай өмiрбаянының алғашқы нұсқасын даярлап та қойған еді . Міне , осындай алдын зор даярлықтың негiзiнде 1933 жылы Абайдың толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмiрбаяны Қызылорда қаласында жарияланды .


1934 жылы Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толу мерейтойына орай М Әуезовтың «Абай акындығының айнасы» деп аталатын мақаласы абайтанудың ең өзекті мәселелерiн көтерумен, қысқаша нобай бағыт-бағдар берумен ерекшеленеді.
Осы мақаласында автордың Абай мұрасының нәр алған үш рухани қайнар көздеріне арнайы тоқталып, ойын өрбіткенде Абайдың Батыс мәдениетi мен Шығыс мәдениетіне катысын айрықша екшеп талдауында: «…Абайда Батыстан кiрген белгіден гөрі Шығыс белгісі басымырақ, нығырақ. Батысқа келгенде ол арқасын шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсылмандыққа нық тiреп алып келедi» дейтiн терең ғылыми ой байламын береді.
1934 жылғы мақаланың мәнін тану
Абай мұрасының нәр алған үш рухани қайнар көздері
М. Әуезовтың танымында Абай дүниетанымын қалыптастыруда оның нәр алған рухани қазына көздерi ретінде қарауы себепті «… ақынның өз халқынан және адам баласынын өнер ой байлығынан алған үш үлкен саласы, түп төркіні барын байқаймыз», - деп көрсететіні бар. Олар:
а) Казақ елінің рухани ой-қазынасы
ә) Мұсылмандық шығыстың рухани қазына көздерi
б) Батыстық классикалық әдеби-мәдени әлемі.

Кеңестік тоталитарлық идеологияның саяси идеологиялық талабы қоғамдық ғылымдар мен әдебиет, өнер саласында батыс пен шығысқа бас июшілерді яғни космополиттердi талқандау науқаны катты қарқынмен жүргiзiлдi. БарлыҚ Одақтас республикаларда мыңдаған көрнектi әдебиет пен өнер кайраткерлерi жазаланып, куғындалып жатты. Мәскеуде самал соқса, Казакстанда дауыл боп соҒатын әдет бойынша мұсылмандыҚ шығысқа, оныҢ әдебиетi мен тарихына байланысты жазылған мақала, зерттеу жұмыстары мен, тіпті, солар жайында жанама пікір айтушылар да аяусыз жазаланып куғындауға ұшырады.


Абай мұрасының Шығысқа қатысының терістелуі
Мысалы, Қазақстанда Абай мұрасының шығысқа қатысы жайында пікір айтқан әдебиет кайраткерлерiнiң басына əңгіртаяқ ойнай бастады. Әдебиеттегі қатаң сынның кыспағына алдымен М. Әуезовтың Абай мұрасынын нәр алған рухани қазынасы жайында айтылған ғылыми-теориялық ой-байламдарының тiрегiне айналған
«…Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі Шығыс белгiсi басымырақ, деген ғылыми теориялык ой-пiкiрiне қатты шабуыл жасалынды. Осы кезден бастап абайтану саласында жазылған еңбектерде, ғылыми зерттеулiк мақалаларда Абай мұрасының рухани нәр алған бiр саласы яғни Абай мұрасының Шығысқа катысы түгелдей терiстелiп жатты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Абай мұрасының рухани нәр алған үш бұлағы туралы әлi де бастапқы қалпына келе алмады. Бұл саладағы Мухтар Әуезов ұсынған Абай мұрасының нәр алған үш рухани бұлақ көздерiнiң бастапқы табиғи қалпына келiп, ғылымда орнығу процесі 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарияланған «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» деп аталатын көлемді ғылыми зерттеу монографиясы жарияланып, әдеби орта мойындаған соң ғана жүзеге асқаны жұрт мойындаған шындыққа айналып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995.- 272 б.

2. Әуезов М.О. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. – Алматы: Санат, 1997.- 448 б.

3. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. – Өскемен: Б.ж., 1994.- 180 б.

4. Досжан Д. Абай айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1994.- 368 б.

5. Жүрегімнің түбіне терең бойла: (Абай туралы естеліктер). – Алматы: Жазушы, 1995.- 296 б.

6. Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2002.- 274 б.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет