Презентация ағза қызметінің гуморалдық реттелуі. Жас ерекшеліктері Орындаған: Абдуллаев Д



бет3/6
Дата23.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#45021
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Гипоталамус-гипофиздік жүйе

  • Гипоталамустағы нейросекреторлық жасушаларда возапресин, окситоцин синтезделіп, нейрогипофизге гипоталамонейрогипофиздік жолды құрайтын аксондар арқылы тасымалданады. Аксондардың соңында гормондар бүкіл денеге таралатын қан капиллярларымен синапстар түзетін Херринг денелері бар.
  • Гипоталамуста тағы қысқа нейросекреторлық клеткалар бар олар рилизинг-гормондарды синтездейді. Олар аденогипофизде жинақталады да рилизинг-гормон түріне сай троптық гормондар түзеді.
  • Рилизин-гормондарға күшейтетін либерондар және ингибиторлайтын статин жатады.

Рилизинг-гормондар

  • Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. Либериндерге кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады. Статиндерге матостатин, меланостатин және пролактостатин жатады
  • Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо-, және глико-рецепторлар бар.
  • Олардың түрлі өзгерулеріне байланысты гипоталамус керекті гормонды шығарады.

Аденогипофиз гормондары, соматропин

  • Ал аденогипофизде түрлі тропты гормондар түзіледі, олардың маңыздылары: соматропин, тиреотропин, фоллитропин, лютропин, меланотропин, аденокортикотропин, пролактотропин жатады.
  • Соматотропин, өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.

Гонадотроптық гормондар (ЛТГ, ЛСГ, ФСГ)

  • Гонадотроптық гормондар (ЛТГ, ЛСГ, ФСГ) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан физиологиялық мәні онша бола қоймайды. Тек жыныстық жетілу басталған мерзімнен кейін оның организм үшін маңызы арта бастайды. Жалпы алғанда, бұл гормондар ерлерде сперматогенезді күшейтеді, әйелдің етеккірін мезгілінде келтіріп, жыныс гормондарының түзілуін, бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет