Презентация дайындау Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары бойынша презентация дайындау



Дата20.10.2023
өлшемі6,66 Kb.
#119859
түріПрезентация
Байланысты:
Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формÐ


Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары бойынша презентация дайындау

Саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары бойынша презентация дайындау

Орындаған: Раушан Дарико

Тексерген: Махмутов Бекен

Группа: ТОП 21-11



Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдай қарама-қарсы өрістеді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған калалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократиялық орын алды.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель.
Платон (б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып есертеледі, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалар “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Парменид”.

Плотон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Плотонның ойынша міңгі өмір сүре алмайды.



Аристотель — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Ескендір ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.
Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, шешендікөнері, саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі Грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель Афиныға оралып, өз мектебін ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні осыдан.
Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика” деген еңбектері бар.

Аристотельдің мемлекетті бөлуі

Аристотельдің ойынша, мемлекет- қауымның дамыған түрі, ал қауым –отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекеттерді дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі.

Дұрыс түріне- монархияны, аристокрапияны және политияны жатқызады. Мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді.

Бұрыс түріне: тирания, олигархия мен демократия деп саналады. Бұрыс түрінде олар өз басарының пайдасын ойлайтын болып көрінеді.

Назарларыңызға рахмет!



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет