Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!.
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
Жаңа сабаққа дайындық.
Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айты, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы (26 мин)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Жаңа сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;
оларға қиын болып көрінгендер туралы;
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
Дескриптор
Жаңа тақырыптың мәтінімен оқып, танысады.
Топтар арасында талқылайды.
Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.