Презентация тақырыбы: Қазақстан фаунасы түрлілігі



Pdf көрінісі
Дата19.09.2023
өлшемі0,74 Mb.
#108840
түріПрезентация
Байланысты:
Қазақстан фаунасы түрлілігі



ПРЕЗЕНТАЦИЯ 
Тақырыбы: Қазақстан фаунасы түрлілігі . 
Орындаған: 
Тобы: 
Қабылдаған: 
Биология және биохимия кафедрасы 
Шымкент 2021ж 


Жоспар: 
Кіріспе 
Негізгі бөлім 
1.
Қазақстан фаунасының биоалуандылығы 
2.
Қазақстан жануарлар дүниесінің дамуы 
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер 


Кіріспе 

Фауна (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман 
мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта 
мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік 
еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. 

Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік 
топтарының (тип, класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді 
(
мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың 
Фаунасы әр түрлі Фауналық жануарлар кешенінен құралады. 
Мысалы, дала белдемінің Фаунасында негізінен далалық Фауна 
кешені, космополиттік түрлер, шөлейт аймақтың Фауналық 
кешенінің басымдығы байқалады. 


Қазақстан фаунасының биоалуандылығы 

Қазақстан жануарлар дүниесінің дамуы 

Дала жануарлары 

Орманды дала жануарлары 

Шөл жануарлары 

Таулы аймақ жануарлары 


Қазақстан жануарлар дүниесінің дамуы 

Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан 
палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы 
жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік 
жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде 
Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар 
мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының 
түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы 
климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы 
жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері 
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта 
(
Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) 
сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып 
өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, 
қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. 



Дала жануарлары 

Қазақстанның солтүстігіндегi орманды дала белдемiнде бұлан, ақ 
қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ 
кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, 
тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Бұл жануарлары табиғаттың 
ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере 
дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың 
көптеген түрлеріне тән. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан 
дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, 
шымшық) кездеседі. Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы 
далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда 
еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. 
Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз 
қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық өзен 
аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда 
бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Өсiмдiк жамылғысы 
әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм 
тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, 
сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп 
кездесетiн. 


Орманды дала жануарлары 

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. 
Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең 
тараған, қайыңды ормандарды бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш 
кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, 
былдырықбар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің 
біраз түрлері ұшырасады. 


Шөл даланың жануарлары 
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға 
бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, 
түнде жемін аулауға шығады. Шөл хайуандары жүйрік келеді, алыс 
жерлерден су ішіп қайтады, құстары да қонбай, алысқа самғап ұша 
алады. Көктемде, жаздың басында жерде ылғал бар кезде өмір 
сүріп, жазғы ыстықта ұйықтайтын да жануарлар бар. Сарышұнақ 
осылай тіршілік етеді. Олар маусым айынан бастап жазғы ұйқыға 
кетеді. Дала тасбақасы ұйқыны одан да ертерек бастайды. 


Шөлдің де түрлері көп. Олар құмды, ұсақ тасты, тақырлы-сорлы 
болып келеді. Жануарлар да сол жерлердің табиғи ерекшеліктеріне 
қарай бейімделе дамыған. Құмды шөл далаларда әр түрлі бұталы 
өсімдіктердің, сексеуілдің, ақ гүлді қарағанның өсуіне байланысты, 
соларды қорек ететін хайуандар мекендейді. Ала жертесер, 
сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, 
кұстардан сексеуіл жорға торғайы кездеседі. Жылан, кесіртке 
сиякты жорғалаушылар шөлді далаларда көп. Құстар сексеуіл 
бұтақтарына ұя салады. 


Таулы аймақ жануарлары 

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. 
Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань 
және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін 
жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен 
және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар 
көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан 
жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, 
пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, 
саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей 
түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра 
құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға 
жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей 
қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға 
болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, 
шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-
Шаньды ұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, 
шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді.




Барыс 
(лат. Uncia) — Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік 
Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. 
Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында 
таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, 
жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны — 200 
бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері — қасақылық 
және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының 
азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар 
бағында өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл 
қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар 
қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау 
жұмыстарын жақсарту қажет. Көп түркі және көшпенді елдер үшін, 
барыс ұлттық таңба. Аулауға тыйым салынған, санының азайып 
кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» 
(1996) 
енгізілген.


Қорытынды 

Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, 
халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу — 
мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және 
құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» 
енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, 
омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде 
сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-
шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан 
(
қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, 
тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), 
жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері 
бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен 
сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген 
жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. 
Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен 
балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға 
алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары 
жіберілуде. 


Пайдаланылған әдебиеттер 
1. 
Ү.И.Кенесариев, Н.Ж.Жақашев «Экология және халық 
денсаулығы» 
2. 
М.Молдахметов , А.Н.Ғазалиев, С.Д.Фазылов «Экология 
негіздері» 
3. 
Т.Қасымбаева, Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы 
«Тіршіліктану», Алматы «Рауан», 1997ж. 

Document Outline

  • Slide 1 
  • Жоспар:
  • Кіріспе
  • Қазақстан фаунасының биоалуандылығы
  • Қазақстан жануарлар дүниесінің дамуы
  • Slide 6 
  • Дала жануарлары
  • Орманды дала жануарлары
  • Шөл даланың жануарлары
  • Slide 10 
  • Таулы аймақ жануарлары
  • Slide 12 
  • Slide 13 
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет