Жаңа заман еуропалық мәдениеті - Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді.