Сонымен қорыта айтатын болсақ,демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір əлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу əдістері мен тəжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу əдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: əр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дəл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ əдісі; когорт əдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография əдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру жəне соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу əдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тəсілдері де демографияның өзіндік зерттеу əдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға жəне оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған
Пайдаланылған әдебиеттер
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
3.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» // Егемен Қазақстан. – 2012 жыл 14 желтоқсан «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң // Электронды ресурс: 4.Курдова М.А. Современная демографическая политика в России и пути ее реализации // Economy and Business. - №2. – 2020. – 221 с.