Жер бетi мен жер асты суларына зиянды заттектердi микроорганизмдердi және жылуды енгiзетiн көздi ластаупш көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттердi ластағыш заттар деп атайды. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерiне қарай бiрнеше топқа бөлiнедi: физикалық күйiне байланысты - ерiмейтiн, коллоидты, еритiн, табиғатына қарай - минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритiн және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектep жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлi газдар (оттек, азот, көміртек диоксидi, күкiрттi газ және т. б.), сонымен қатаp epiген тұздар (натрийдiкi, калийдiкi, аммонийдiкi, алюминийдiкi, темiрдiкi, магнийдiкi, марганецтiкi және т.б. элементтердiкi) болады. Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістердi қолдану арқылы анықталады, себебi epiген қоспалар құмды және қағаз сүзгiштерiмен ұсталмайды.
Сулардың химиялық құрамын анықтайтын факторлар
Сулардың химиялық құрамының алғашқы көзі болып табылатын кристаллдық жыныстардың атқылауының атқаратын қызметін біз қарастырдық. Кейіннен атқаратын қызметтердің орны ауысты. Қазіргі кезде беткі сулардың минерализациясында маңызды болып щөгінді жыныстар табылады. Алайда атқылаған және метоморфоздалған тау жыныстарын елемен дұрыс емес, себебі олардың массасы жер қыртысының 95-тей % алып жатыр.
Уақыт оте келе тау жыныстары судың, оттегінің, көмірқышқыл газының, органикалық және бейорганикалық қышқылдардың және де тірі организмдердің әсеріне баяу ұшырайды.
1967 жылы гидрохимия кафедрасында алғашқы рет табиғи сулардың химиялық құрамын анықтауда тау жыныстарының атқылауының көлемді зерттеулерін аспиранттар,КСРО ҒА мүшелері Алекин О.А. және Данилова Г.Н. жүргізді. Оның диссертациясы “Кристаллды жыныстардың атқылауы мен судың әрекеттесуі”.
.
.
Тірі организмдер
Жануарлардың, микроорганизмдердің және өсімдіктердің тіршілік етуі суға айтарлықтай әсер етеді. Олардың көмегімен және қатысуымен:
а) су қоймаларда фотосинтез арқылы органикалық заттар түзіледі (алғашқы өнім) CO2+2H2O (H – C – OH) + H2O+O2;
б) бактериялардың көмегімен өлі өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдыратады. Нәтижесінде күрделі органикалық зат – шымтезек немесе жай минералды бейорганикалық заттар (CO2, H2O, CH4, N, P қосылыстары және т.б.) түзіледі;
в) газ құрамының өзгеруі жүреді: судың О2 байуы, СО2 азаюы, H2, S, NH3, CH4;
г) организмдердің көмегімен судың құрамынан басқа химиялық элементтерді бөліп алу (N, P, C, Ca, K, микроэлементтер). Теңіз балдырларының йодты концентрлейтіндігі және оны алудың өндірістік көзі болып табылатындығы барлығына белгілі.