Презентация тақырыбы: «талантты және дарынды балаларды оқыту»



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#123876
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
дарынды бала



Макэлпайн мен Рид дарынды және талантты
оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы
тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір
дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың
барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да 
ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық
сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында
аздап «ақсауы» мүмкін.


Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген
табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен
жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына
терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып
құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол
бермеуі керек.


Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру
үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.
Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.
Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды
пайдалану;
4.
Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.


Фриман (1998) бақылау парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, 
талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында
зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ бақылау парағында зерттеулерге
негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді
қолдануға болады.
Олар төменде көрсетілген:

Есте сақтау және білім;

Өз білімін жетілдіру;

Ойлау қабілетінің жылдамдығы;

Мәселені шешу;

Икемділік;

Күрделілікке деген сүйіспеншілік;

Шоғырлану;

Ерте символдық белсенділік;


Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік
және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен 
оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.
Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын
арттырумен қатар, ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру
үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, 
қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай
күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп
көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған
стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды
кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте
рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру
қажет.


Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің
де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен 
белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді
міндеттейді.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар –
білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай
деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. 
Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары
дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте
естен шығармағанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет