Презентация Тақырыбы:"Органикалық қосылыстардың құрылысын анықтайтын қазіргі заманғы физика-химиялық әдістер


Ядролық магниттік резонанс спектроскопия



бет4/5
Дата08.02.2023
өлшемі1,92 Mb.
#66126
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кулдибаева М. орг

Ядролық магниттік резонанс спектроскопия

  • Химиялық ығысу δ ядроның қалқандалу (экрандалу) дәрежесінің сандық сипаттамасы болады, ол дәл үлгі (эталонды) заттағы ядроның белгі-хабарымен (сигналымен) және белгі түрдегі (зерттелінетін) ядроның белгі-хабары арасындағы ара қашықтығы.

Масс-спектрометрия

  • Масс-спектрометрия талдаудың бұзу, құрылымсыздану (деструктивтік) әдісіне жатады. Ол зерттелінетін заттың молекуласын иондауға және түзілген иондардың массасын тіркеуге негізделген.
  • Иондаудың бірнеше әдістері бар, бірақ та қазіргі ең көп тараған түрі сол, ол электрондық соғу болып табылады, онда газды фазадағы затты үдетілен электрондар шоғымен атқылайды. Мұндай жағдайларда әуелі бейтарап молекуладан (М) бір электрон зорлықпен шығарылады да оң зарядталған ион-молекулалық ион түзіледі (катион-радикал М+), сосын ол бейтарапты бөлшектер мен оң зарядталған ұсақтау иондардың (ион бөліктері, фрагменті) түзілуі арқылы бірқатар бірізді, дәйекті ыдырауға душар болады:
  • М+ е—>2е+М+ - бөлінді иондар + бейтарап бөлшектер (бөлінеді-фрагментарлы).

Дифракциялық әдістер

  • Құрылыстың зерттеудің дифракциялық әдістері зат шашыратқан шығару ынталылығын таратуды зерттеуге негізделген. Шашыраған шығарудың интерференциясы (толқыңдардың қосылуы) нәтижесінде дифракциялық бейнелі суреті алынады- ынталылықтың максимумдері мен минимумдерінің жүйесі, мұны нәтиже ретінде, әртүрлі дәрежеде көрінетіндей фотопленкада бекітіледі немесе басқа тәсілдермен тіркейді. Дифракциялық максимумдердің орналасуымен олардың ынталылығы талданылатын заттың құрылысына тәуелді.

Рентгенграфия

Рентгенграфия

  • Рентген құрылымдық талдау (рентгенграфия) молекуладағы атомдардың кеңістіктегі орналасуын зерттейтін әдіс, ол атомдардың ара қашықтығымен тендес, толқын ұзындығы бар, рентгендік сәуленің дифракциясын зерттеуге негізделген. Рентгендік талдау әдісімен кристалды-қиыршықты түрдегі, қатты күйдегі заттарды зерттейді. Рентгендік сәулелер заттың атомдарындағы электрондық бұлттармен әрекеттесу нәтижесінде шашыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет