Презентация Тақырып: 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі


Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#123587
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Презентация Тарих 9

Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері.

Жеңіліс себебі мен тарихи маңызы

1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыраңқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Ұлттық - демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады. Көтеріліс қазақ халқының таптық сана - сезімінің өскендігін көрсетті. Халық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апаратын құрды.

Қорытынды

Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысы – Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. 1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді.

Глоссари

  • «Өртке оранған жер» стратегиясы – 1916 жылы патша өкіметінің жазалушы отрядтарының қолданған жаза түрі.
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс орталықтары –Торғай мен Жетісу
  • Амангелді Иманов – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымұлының үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі.
  • Бекболат Әшекеев – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Жетісудағы орталығының жетекшісі, халық батыры.
  • Әбдіғапар Жанбосынов – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, 1916 жылы қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізге көтеріп, Торғай қыпшақтарының ханы етіп жариялады.
  • Әліби Жангелдин – қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, азамат соғысының ардагері.
  • Тоқаш Бокин – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет