Презентация Тақырып:Қазақстан халық Ассамблеясының құрылуы



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі176,61 Kb.
#15842
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сейдалы Гауһар ТП-20-10К1. тарих

Негізгі бөлім

  • Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы және оның сессиялары.
  • Егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайтып, алға қарай дамуымызда қазақстандықтардың көптеген ұрпақтары жинақтаған достық пен ынтымақтастық аса бағалы құндылықтарға жатады. Сондықтан елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылын мерекелеу қарсаңында Қазақстан халықтарының форумын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. 1992ж желтоқсанда Алматы қаласында өткен кеңесте әр түрлі этностық топтардың өздерін біртұтас Қазақстан халқы ретінде сезінетіндігі айқындалды. Осылайша, жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізі салынды.
  • Қазақстан халықтарының Ассамблеясы 1995 ж. 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен құрылды. Ол – биүкіметтік , бисаяси , еліміздің президенті жанындағы кеңесші орган, өз қызыметін Конституцияға, Ассамблея туралы ережеге сәйкес жүргізеді. Ассамблея туралы ережеде оның мүшелерінің тең құқықтығы, демократия сияқты идеялар көрініс тапқан. Мемлекеттік органдармен аймақтың өзін – өзі басқару органдарымен, халықаралық және өзге мемлекеттік органдармен тығыз байланыс жасау принциптері басшылыққа алынған. Республика жұртшылығының еркі бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағалығына Н.Ә.Назарбаев ұсынылды. Жаңа органның сандық құрамы жергілікті кіші ассамблеяларға тең бөлінген кандидаттардан тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет