Презентация такырыбы: Бұлшықет тіндері. Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Тегіс салалы ет тіндері мезенхималық, эпидермальді нейральді болып жіктеледі



бет3/6
Дата19.02.2023
өлшемі5,47 Mb.
#69101
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

2. Тегіс салалы ет тіндері мезенхималық, эпидермальді нейральді болып жіктеледі.

  • 2. Тегіс салалы ет тіндері мезенхималық, эпидермальді нейральді болып жіктеледі.
  • Тегіс салалы ет тінінің жасушаларын миоцит деп атайды. Миоциттердің ұзындығы 20-500 мкм, ал ені 5-8 мкм, жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішіндес болып келген миоцит жиырылған кезде бұл пішіні өзгеріп майысып, бұралып та кетеді. Синтездеу қабілетінің төмен болуына байланысты Гольджи комплесімен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар дамыған, ал митохондрияларға өте бай. Рибосомалары көбінше еркін орналасады. Миоциттер бір – бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір миоциттердің сыртын базальді мембрана қоршайды.

Тегіс салалы бұлшықет тіні

Бұлшық ет тіндерінің морфофункциялары:

  • Оларды құрайтын гистологиялық элементтері-жасушалары мен талшықтары ұзартылған пішінге ие. (17.1-сур).
  • Жасушалар мен талшықтарының цитоплазмасында ұзына бойлы жолақтар айқындалады. Мұнда миофибрилл деп аталатын органеллаларының болуы.
  • Миофибриллерінің арасында немесе ядросының жанында, бұлшық ет жиырылуын қамтамасыз ететін митохондрияның көп болуы.
  • Гистологиялық элементтерінде энергияның көзі трофикалық қосындылары (май тамшылары, гликоген гранулдары) бар.
  • Бұлшық ет элементтерінің жиырылуына қажет Са иондарының жылдам жиналуын және босатылуын қамтамасыз ететін құрылымдары –саркоплазмалық тор, кавеолдар, көбікшелері жақсы дамыған.

Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі

  • 1. Көлденең жолақты бұлшық ет тіндері- жасушалары мен талшықтары бойында қалыптасқан көлденең жолақтарымен сипатталады. Олардың пайда болуы алдымен актин мен миозин миофиламенттерінің миофибрилдердің құрамында, сонан соң миофибрилдердің жасушалар мен талшықтардың құрамында дәлме дәл ретті орналасуына байланысты. (17.1-сур.; 17-тарау. 3.2.1). Көлденең жолақты бұлшық ет тіндеріне аңқалық немесе сомалық және жүрек бұлшық ет тіндерін жатқызады.
  • 2. Тегіс салалы бұлшық ет тіндері-миофиламенттері миофибрилдерді құрамайтындықтан, гистологиялық элементтерінде (жасушаларында) коллаген жолақтары болмайды. Сондықтан, жасушаларының цитоплазмасы біркелкі немесе тегіс боялады. Тегіс салалы бұлшық ет тіндеріне тамырлардың, қуысты ішкі ағзалардың және т.с.с. қабырғаларының бұлшық еттерін жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет