Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды оидіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта.
Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендегенмен жалпы саны әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді.
Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары - әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар - сперматозоидтар өніп дамиды.
Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 —0,18 г. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г, 5- жаста 1 г, 8-10 жаста 1,5 г.
Е р л е р д і ң жыныс бездері - қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, Мұны белоктық қабық деп атайды.
Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да, шамамен 17 жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4 см, ені 2,5-5 см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады. Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді.
Әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналасқан. Әдетте, оң жағындағы безден сол жағындағысы кішілеу келеді. Аналық без екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және ішкі милы қабат. Қыртысты қабатта аналық жыныс клеткалары өніп дамиды да, милы қабатта гормондар түзіледі. Аналық бездердің мөлшері, салмағы, гистологиялық Құрылысы әйелдер мен қыздардың жасына қарай әртүрлі. Қыртыс қабатында түрлі даму дәрежесіндегі Грааф фолликулдері мен басқа көпіршік клеткалар, сары дене болады.