Презентация тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының патоморфологиясы



бет1/5
Дата21.02.2023
өлшемі2 Mb.
#69700
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
Байланысты:
pdf 20230220 180816 0000

6- БОӨЖ ПРЕЗЕНТАЦИЯ


Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының патоморфологиясы
ОРЫНДАҒАН: ВАГНЕР Е ТОБЫ: 301-А
ФАКУЛЬТЕТІ: СТОМАТОЛОГИЯ
ҚАБЫЛДАҒАН: ШЕПЕТОВА Қ.Қ
ТІСТЕР ГИПОПЛАЗИЯСЫ ГИПОПЛАЗИЯ-ТОЛЫҚ
ДАМЫМАУ,АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ТІНДЕР НЕМЕСЕ АҒЗАЛАРДЫҢ ТОЛЫҚ ДАМЫМАУЫМЕН СИПАТТАЛАТЫН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС.
ДӘРІГЕР-
СТОМАТОЛОГТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ КӨБІНЕСЕ КІРЕУКЕ ГИПОПЛАЗИЯСЫ ОРЫН АЛАДЫ.
Біраз авторлардың ұйғаруынша тістердің қатты тіндерінің жете дамымауы энамелобласттардың кіреуке призмаларын құру қызметінің төмендеуіне немесе кіреуке призмаларының жеткілікті минералданбауына байланысты.
Патрикеев В.К.(1967) тістер
гипоплазиясы кезінде алдымен тіс кіреукесінің белокты матрицасының құрылу үрдісі бұзылады.Оның себебі энамелобласттардың қызметтерінің баяулауы немесе жеткіліксіз болуы деп ұйғарған.
Грошиков М.И. (1985) тіс тіндерінің гипоплазиясы нәресте мен баланың организмінде минералды және белокты зат алмасуы бұзылуы нәтижесінде тіс ұрығында метаболиттік үрдістердің ауытқуы нәтижесінде және жергілікті
ықпалдардың әсерінен дамуы мүмкін деп
қорытады.Гипоплазия кезінде кіреукеде жете дамымай қалған ошақтар қайта қалпына келмейді және өмір бойы сақталады.
Тұрақты тістердегі жете дамымай қалған
ошақтар бала өмірінің алғашқы 9 айында дамиды.Бұл кезде баланың бейімделу және компенсаторлық механизмдер әлі толық жетілмеген.
Тістер гипоплазиясының 2 түрін
ажыратады: жүйелі және жергілікті.
ЖҮЙЕЛІ ГИПОПЛАЗИЯНЫҢ
3 КЛИНИКАЛЫҚ ТҮРІН АЖЫРАТАДЫ:
  • КІРЕУКЕНІҢ ТҮСІНІҢ ӨЗГЕРУІ;
  • КІРЕУКЕНІҢ ЖЕТЕ ДАМЫМАУЫ;
  • КІРЕУКЕНІҢ ТОЛЫҚ ДАМЫМАЙ ҚАЛУЫ НЕМЕСЕ БОЛМАУЫ-АПЛАЗИЯ. ПАТРИКЕЕВ В.К. (1967) ГИПОПЛАЗИЯНЫҢ ТӨМЕНДЕГІ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТАДЫ: ДАҚТЫ, ТОЛҚЫНДЫ, БАСПАЛДАҚҚА ҰҚСАС, ШӘШКЕГЕ ҰҚСАС.

Гетчинсон тістері сауыттары бұрандаға немесе бөшкеге ұқсас (мойын бөлігіндегі ені тістеу қырының еніне қарағанда кең) орталық күрек тістер тістеу қырларында жарты айға ұқсас ойықтары бар.Ойықтар беттерінде кіреуке жұқа қабат құрайды,немесе кіреуке болмауы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет