Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш. Қарағанды


Мухйиддин Абу Абдулла́х Муха́ммад ибн Али аль-Андалуси



бет8/13
Дата01.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#54110
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс 11 Өнер философиясы

Мухйиддин Абу Абдулла́х Муха́ммад ибн Али аль-Андалуси
1165-1240
«Суфизмның аса ұлы шайқысы»

Джалаладдин Румидің өнер философиясы


Джалал ад-Дин Мухаммад Руми
(1207-1273жж)
«Ішкі мән-мағына туралы поэма» (Маснави -и манави)
Д. Руми – иран ойшылы, суфизм поэзиясының өкілі. Оның дүниеге көзқарасына Абу Хамид аль-Газалидің философиясы ықпал еткен. Поэзия арқылы Руми Қудайға махаббатын білдіреді. Құдайы мәнімен адамның мистикалық сипатта бірігіп сіңіп кету үрдісі (Фана) шексіз:
«Сенің бейнеленген нұрың - менің жанымның нұрын тудырады,
Басқаларға жүректің соққанындай көрінбейді.
Сенің сұлулығыңнан- махаббатқа үйренемін,
Сенің лебізіннің негізінде менің өлеңдерім шығады»
Руми үшін адам денеден, жаннан, ақыл-ойдан және «өте жіңішке рухтан тұрады». «Өте жіңішке рух» пайғамбарларға және «Құдайдың достарына» тән. Руми осындай Құдай таңдағандарды «Құдайдың сұңқарларымен» салыстырады. Оларға қудайы сипаттағы шабыт жоғарыдан ауық-ауық жіберіледі.

Қайта Өрлеу дәуірінің өнері (XIII-XVI ғғ.).


Антикалық мимезис принципінің жаңғыруы - Қайта Өрлеу дәуіріндегі өнердің басымды белгісі. Әдеміліктің мәнін үйлесімділік және грация (сымбат, мәнерлік) құрайды. Өнер шеберліктен бөлініп кетеді және көркем шығармашылық рухани тәжірибенің саласына шығарылады. Адам оның дене мен рухы күштерінің үйлесімділігінде өнердің негізгі тақырыбына айналады. Суреткер «құдайы сипаттағы гений» деп аталады

Л.Б.Альбертидің өнер философиясы


Ренессанс дәуіріндегі XVғ. өнер философиясының орталығында итальяндық ойшыл-гуманистт Леон Баттиста Альбертидің ілімі тұрған: «Сұлулық» – бұл барлық бөліктердің қатаң ұйқасқан гармониясы (үйлесімділігі)». «Сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдармен қатар Альберти «абыройлылық», «нәзіктік», «пайдалылық» деген ұғымдарды қолданады. Ол ұсынған үйлесімді тұлға идеалы сол кездегі Италияның сурет өнеріндегі, графика мен мүсін өнеріндегі кейіптерде жүзеге асырылған. Альберти сәулетшінің өнерін өте жоғары бағалаған. «Сәулет өнері туралы он кітаптарда» ол үйлердің, көшелердің, алаңдардың әдемі сыртқы келбетімен ерекшеленетін кемел қаланы суреттеп берген.
«Сурет өнері туралы» трактатта Л.Б. Альберти сурет өнерін табиғатқа ұқсас бола алатын асыл өнер деп сипаттайды. Сурет әдемілігінің құрамдас бөліктері: силуэт, композиция ((орналасу тәртібі) және жарық – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет