Көру және айту элементтерінің сәйкестігі, оқу материалына бағытталуымен анықталады. Сурет мәтінге қарағанда көрнекілігі жағынан ерекшеленіп, есте тез қалады. Сондықтан мүмкін болса мәтінді ақпараттық көрнекіліктермен алмастырған жөн.
Презентацияда графика қолданатын кезде келесі ережелер мен ұсыныстарды ескерген дұрыс:
Графика (суреттер, фотолар, диаграммалар, сұлбалар) мәтіндік ақпаратты толықтыруы тиіс немесе оны көрнекілік ретінде көрсетуі керек.
Әрбір суреттің өз мағынасы болған жөн: презентацияда мағынасы жоқ суреттерді қолданбаған дұрыс.
Графикалық суреттер слайдтың жалпы безердірілуіне кереғар болмағаны жөн.
Тек жақсы сапалы суреттерді қолдану керек. Ол үшін барлық суреттер алдын ала графикалық редакторда дайындалып алынуы тиіс.
Жіберілмейді:
фото суреттердің түрі мен түсінің сәйкес болмауы;
өткір суреттерді қолдану;
сканерленген, өңделмеген суреттерді қолдану; мысалы, ақ фон орнына сары немес сұр фон қолдану;
кескіннің көлемі графикалық редакторда орындалады. Кескін экранға қатысты қажетті көлемге дейін кішірейтіледі (үлкейтілмейді!). 1,5-2 еседен артық емес, масштаб 100 % дейін.
слайдтағы кескін масштабын (бастапқы 100 %) тек кішірейтуге болады, 100 % артық үлкейтуге болмайды. Одан үлкейткен кезде сапасы нашарлайды, слайдтан дұрыс көрінбейді. Егер слайдта кескін
100 % ретінде салған кезде кішкентай болса, оны қайтадан графикалық редакторға салып, үлкейтін алған жөн.
көрнекіліктерді түсіндірме мәтіндермен салған дұрыс. Түсіндірме мәтіндер сурет астына жазылады.
кескінді мәтіннің сол жағына салған дұрыс, себебі біз солдан оңға қарай оқимыз, сондықтан адамның көзі слайдтың сол жағына түседі.
күрделі сурет пен кескінді жайлап шығарған жөн.
сұлбалар мен диаграммалардағы байланысты анық көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |