“Сот әділдігі” – қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау және шешу жөніндегі құқық қорғау қызметтерінің бір түрі.
“Сот әділдігінің” белгілері:
Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады
Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл ҚР аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгендігін көрсетеді
Сот билігін жүргізуші – “судья”. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз жазаға тартудан қорғайды.
ҚР сот жүйесі – жалпыға бірдей демократиялық принциптер негізінде ұйымдастырылып, жұмыс істейтін, өзара байланыстағы соттардың жиынтығы. Оны ҚР Жоғарғы соты басқарады.
Сот жүйесіне Конституциялық Сот пен Жоғарғы Төрелік Соттан басқа, ҚР Конституциясында аталған барлық сотар кіреді.
“ҚР Прокуратурасы”
Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
“ҚР Ішкі Істер органдары”
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету.
Қылмыстың және басқа да құқық бұзудың алдын алу.
Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын – ала тергеу жүргізуді жүзеге асырады.