Нозологиялық тәнділік - ол қабылдаушы организмнің қайсысына түскеніне қарамастан патогенді
микробтардың әрбір түрі тек қана соған сәйкес инфекциялық процесс және де патологиялық
реакциялардың кешенді симптомдарын қоздыру қабілеттілігі. Сонымен, S.typhi тек қана - іш
сүзегін, ал N. meningitidis - менингококты инфекция қоздырады. Шартты-патогенді
бактерияларда осындай нозологиялық тәнділік болмайды.
Органотроптылық - ол биохимиялық қасиеттері бойынша микробтардың тіршілігі үшін ең
қолайлы жасушаларда, тіндерде, және ағзаларда қоныстанужәне оны зақымдау қабілеттігі.
Мысалы, ауалы-тамшылы инфекциялардың қоздырғыштары тыныс алу жолдарын, ал ішек
инфекцияларының қоздырғыштары - асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.
Патогенді микробтарға нозологиялық спецификалық (грек: nosos - ауру, logos - ілім) және
органотроптылық тән.
жоғарғы
шамалы
әлсіз вируленттілер
вирулентсіздер (авируленттілер)
ВЕРУЛЕНТТІЛІК
Патогенділік факторлары генотиптік түрлік белгі бола тұрғанмен фенотиптік өзгергіштікке
ұшырауына байланысты патогенділік дәрежесін белгілеу үшін «вируленттілік» (лат.: virulentis -
улы) деген түсінік енгізілген. Патогенділік - ол осы микроб түрінің инфекциялық процесс
қоздырушы потенциалды қабілеттілігі, ал вируленттілік - инфекциялық процесс дамуын қоздыра
алатын тек қана осы микроб штамына тән өзгермелі индивидуалдық қасиет. Ол патогенділіктің
өлшемі, оның сапалық сипаттамасы немесе генотиптің фенотиптік көрінісі.
Осындай белгісіне қарай микробтың нақты түрінің барлық штамдарын бірнеше топқа бөлуге
болады:
Инфекция туралы ілім - бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге
Достарыңызбен бөлісу: |