Ғылыми синтаксистің қысқа курсында автор синтаксис
мәселелерін үлкен 2 бөлімге бөліп зерттеген:
Аталған еңбекте профессор Сәрсен Аманжоловтың
интонацияға арнайы тоқталып, ол жөнінде өз пікірін айтады.
Автор қазақ тілінде интонацияның синтаксистік түрін 5- ке
бөледі:
1)басымдылық екпінге байланысты интонация. Бұл кәдімгі
жай, хабарлы сөйлем ішіндегі бір сөздің басым айтылуына,
басқаша айтқанда , ой екпіне байланысты пайда болатын
интонация.
2) Хабарлы сөйлем интонациясы.
3)Сұраулы сөйлем интонациясы.
4) Лепті сөйлем интонациясы және т.б.
5) Өлеңді сөйлем интонациясы. Өлеңді сөйлемде, - дейді автор,
- интонация ырғақ, ұйқас, буын, болсын ... сияқты сөз
кестелерін жетектеп отырады.
Профессор Сәрсен Аманжолов сөз тіркестерінің қиысу, меңгеру, жанасу,
қабысу сияқты байланыс түрлеріне тоқтала отырып, сөздердің тізбектелуі 2
топқа:
•лексикалық тізбектер;
•бірнеше сөздің 1 ғана мағына беріп тізбектелуі;
Мысалы: атқора, ауыз үй, күй алақан, көрсе қызар.
Синтаксистік тізбектер, бұлардың өзін іштей 4 топқа бөледі:
1) Идиомалық
қасиеті бар сөз тізбектері: құлақ қоймайды, көз салмайды;
2) Фразалық тізбектер: басы бос, қолы қысқа;
3) Үйірлі мүше болатын сөз топтары сөз тізбектері: аузы күйген, таң ата ел жата;
4) Сөйлемде күрделі мүше болатын сөз тізебктері: бригадир болды,
жығылып қала жаздады, күзге шейін, саған бола т.б.
Бұл тізбектердің бәрін автор Синтагмалық тізбек деп атайды.
|