Бақылау әдісі
Эксперимент әдісі
Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың
көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте
алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие
үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен
психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап
беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі
эксперимент қолданылады. Олар зертханалық
(лабораториялық) және табиғи деп аталады.
Эксперимент әдісі
Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып,
құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы
жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның
психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін
зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері
мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін
қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес,
зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың
жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының
ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас
көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Зертханалық эксперимент
Табиғи эксперимент
Табиғи эксериментті психологияға 1910ж. орыстың оқымысты
ғалымыА.Ф.Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша
психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегіүйреншікті
жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сондай- ақ, психологиялық-
педагогикалық зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерде адамның
қалыптасуы қарастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зерттеу
арқылы түрлі жастағылардың айырмащылықтары шартты түрде
алынған белгілерге негізделеді.Түрлi психикалық құбылыстардың
құрылымын функциялар мен параметрлердi шамамен жорамалдауда,
эксперименттiк материялдарды талдауда, модельдiк құрастыруда
факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдiс
қолданылады.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдiстер бар, оларды қосалқы
әдiстер деп атайды. Осындай қосалқы әдiстердiң қатарына анкетаәдiсi,
интервью әңгiмелесу әдiсi, сынау тестәдісі т.б. әдістер жатады.Сынау
тестәдісі адамның бойындағы түрлі сапалар мн олардың механизмдерін
ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп кояды. Психологиялық әдістер тек
ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары
үшін де қолданылады.
THE END
Достарыңызбен бөлісу: |