Проблемалық ОҚыту әдісі және студенттердің белсенділігін арттыру



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі233,73 Kb.
#9436

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.  

Тулепова С.И. магистр, аға оқытушы 

Мамекова Ә.Т. магистр, аға оқытушы 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 

РЕЗЮМЕ 

Бұл  мақалада  автор  проблемалық  оқыту  әдістеріне  теориялық  талдау 

жасайды.  Студенттермен  жұмыс  істеу  барысында  автор  оқыту  үрдісін 

жүргізудің  дәстүрлі  формаларын  қолдану  ұсынылады:  дәріс,  семинар.  Оқу 

процесінде  проблемалық  жағдаяттарды,  проблемалық  ситуацияларды 

пайдаланып,  студенттердің  логикалық  ойлау,  ізденпаздық  қасиеттін  дамыту 

мәселелері қарастырылады.                                                                                                                    

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халкына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестікке 

қабілеттілік бірінші кезекте оның біліктілік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім 

кеңістігіне  толығымен  кіруге  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеруді 

талап  ететіні  сөзсіз»,  -  деп  көрсеткендей,  қазіргі  кезде  мұғалімдердің  біліктілігін 

неғұрлым  сапалы  деңгейге  көтеруде  білім  беру  жүйесінін  қызметкерлерін  кайта 

даярлау  жөніндегі  республикалық  және  аймақтық  институттарда  әлемдік  деңгейдегі 

жаңа  технологияларды  кеңінен  қолдануды  қажет  етеді.  Жаңа  формация  педагогін 

даярлауда  жоғары  педагогикалық  оқу  орының  ескөрсек,  оқытудың  жаңа 

технологияларын педагогикалық процеске енгізудің әдістемелік нұсқауын даярлау - 

өмір талабы.[1] 

Жоғарғы  мектепте  студенттерге  білім  берудегі  оқытудың  әйгілі  әдістерінің 

бірі  -  дәріс  түрінде  ұйымдастырылады.  Дәстүрлі  дәрістің  кұрылымы  баршамызға 

мәлім: 


1) лектор студенттерге дәрістің тақырыбы мен мақсатың жариялайды; 

2)

 



 дәрістің көп бөлігін мазмұның айтып, түсіндіріп, керек жерлерін  жаздырады; 

3)

 



 дәріс соныңда сұрақтарға уақыт бөліп, студенттердің сұрақтарына жауап береді. 

Әрине, мұндай түрдегі дәріс сабағы – көпжылдан бері қалыптасып қалған оқыту 

әдісі. Оның  оқытушы үшін өзіндік жақсы жақтары бар: күнделікті осы түрдегі дәріс 

оқып  жүрген  оқытушының  шешендік  қабілеті  дамиды,  оның  өзіндік  білім  деңгейі 

үнемі жетіліп отырады с.с. т.б. Ал, студент ше? Оның білімі қалай дамиды? Егер де 

сабақтың тең жартысында студент тек тыңдаушы болса, онда ол белсенді түрде оқу 

процесіне қатыса ма? Тыңдау арқылы білім алу белсенділігі қалай артады екен? 

Тыңдау - бұл күрделі әрекеттердің бірі екені белгілі.  Студент дәрісті мұғалімнің 

мононологы ретінде  30 минут тыңдауға бейімделеді.  Сонан соң индивидтің жұмыс 

қабілеті  төмендей  береді.  Олай  болса,  студенттердің  жұмыс  қабілетін  көтеру  үшін, 

сабақ  барысында  интерактивті  әдістерді  қолдану  керек.  Тиімді  әдістердің  бірі  -

проблемалық оқыту әдісі. 

Проблемалық оқыту әдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 

1.

 



Ақыл-ой  ізденісінің  бағытын  анықтау,  яғни  студенттердің  проблемаларды 

шешудің амалдарын іздестіруі. 

2.

 

 Студенттердің  жаңа  білімді  меңгерудегі  танымдық  қабілетін  дамыту,  оқу 



әрекеті белсенділігін қалыптастыру. 

Дәріс  барысында  оқытушы  проблеманы  талқылайтың  сұрақтарды  айқындап, 



студенттердің  ойлау  әрекетін  дамытатың  жағдаяттар  туғызу  керек.    Әрине,  бұл 

әдісті  қолдануда  оқытушынан  көптеген  ізденіс,  негізгі  және  қосымша  оқу 

кұралдарымен танысып, өзіндік білімін үнемі жетілдіру талаптары тұрады. 

"Проблемагіық оқыту" ұғымы 20-30 жж. кеңес және шетел мектептерінде кеңінен 

тарады.  Проблемалық  оқыту  американ  философы,  психолог  және  педагог  Джон 

Дьюидің 


(1859-1952) 

теориялық 

кағидаларына 

негізделеді, 

Д.Дьюидің 

философиялық  және  психологиялық  көзқарастары  бойынша  адам  қиыншылықтарға 

кездескенде  шешім  іздеп,  әр  түрлі  жолдарын  қарастыра  бастайды.  Д.Дьюидің 

тұжырымдамасында  мына  сатыларды  атайды:  қиындықты  сезіну;  оны  табу  және 

анықтау;  оны  шешудің  жорамалын  жасау;  іс-тәжірибе  арқылы  жорамалды  тексеру 

мен басқалар.[2] Кейіннен "қиындық" термині "проблема" деп атала бастады.  

   Проблемалық  оқыту  дегеніміз  –  оқытушының  басшылығымен  проблемалық 

ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында студенттердің белсенді дербес іс - 

әрекетін  қалыптастыру,  мұның  нәтижесінде  білім,  біліктер  мен  дағдыларды 

шығармашылықпен игеру, ақыл - ой қабілеттерінің дамуы іске асады.  Проблемалық 

оқытудың  мақсаты  ауқымды:  ғылыми  таным  нәтижелерін  меңгеріп  қана  қоймай, 

оны алудың жолдарын игеру; студенттің танымдық дербестігін қалыптастыру және 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту;  білім,  білік,  дағды  жүйелерін  меңгеру  және 

дүниетанымды қалыптастыру.[3] 

Педагогикалық  әдебиеттерде  бұл  құбылыстың  бірнеше  анықтамалары  бар. 

Айталық, «проблемалық ситуация» мен «оқу проблемасы» проблемалық оқытудың 

негізгі  ұғымдары.  Оқу  проблемасы  ақыл-ой  ізденісінің  бағытын  анықтайтын, 

қызығушылықты  оятатын  меңгеру  процесінің  логикалық  -психологиялық 

қарама-қайшылықтарының көрінісі. 

Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық 

жаңалығын,  маңыздылығын  баса  көрсететін  оқытушының  қоятын  сұрақтарының 

көмегімен  туады.  Проблемалық  ситуациялар  оқу  процесінің  барлық  кезеңдерінде 

түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Оқытушы ерекше әдістемелік тәсілдерді 

пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады: 

- ол  қарама-қайшылықты  тудырады  да,  одан  шығудың  жолын  табуды 

студенттердің еншісіне қалдырады; 

- бір сұраққа әр түрлі көзқарас білдіреді; 

- студенттерді 

салыстыруға, 

топшылауға, 

фактілерді 

сәйкестендіруге 

итермелейді; 

     - анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға); 

     -  проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды; 

-   проблемалық  тапсырмалар  қояды  (әдейі  қате  жіберілген,  уақыты  шектелген, 

сұрағы анық емес және т.б.). 

Проблемалық оқытудың жалпы функциялары: 

-

 

студенттердің  білімін  терең  ойлау,  талдау,  тұжырым  жасау  әрекеттерін 



меңгеру арқылы дамыту; 

-

 



студенттердің  білім  жүйесі  мен  ақыл-ой  және  практикалық  іс-әрекет 

амалдарын меңгеруі; 

-

 

студенттердің танымдық дербестігі мен шығармашылық, қабілеттерінің дамуы; 



-

 

студенттердің  дүниетанымының  негізі  болып  табылатың  диалектикалық  - 



материалистік ақыл-ойының қалыптасуы. 

Арнайы функциялар: 

-  білімді 

игерудің  шығармашылық  дағдыларын  тәрбиелеу  (логикалық 

тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану); 

- білімді  шығармашылықпен  пайдалану  дағдыларын  тәрбиелеу  (игерілген  білімді 

жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу

-  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесін  қалыптастыру  және  молайту    (ғылыми 

зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу). 

Проблемалық  оқыту  барлық  жағдайда  бірдей  тйімді  бола  алмайды.  Практикада 

көрсеткендей  проблемалық  оқыту  процесі  танымдық  белсенділікті  дамытуда,  жаңа 

білімді  меңгеруде  студенттердің  әр  түрлі  білім  деңгейін  анықтап  отыр. 

Шығармашылықтың  түріне  сәйкес  проблемалық  оқытудың  үш  түрін  бөліп  айтуға 

болады: 

-  біріншісі, теориялық шығармашылық студенттің өзі үшін жаңа ережені, заңды, 

теорияны  ашады.  Мұның  негізінде  теориялық  оқу  проблемаларын  қою  және  оны 

шешу дағдыланады; 

-  екіншісі,  практикалық  шығармашылық:  студенттің  меңгерген  білімін  жаңа 

ситуацияда  қолдануы,  құрастыруы,  ойлап  табуы  негізінде  практикалық  оқу 

проблемаларын қою және оны шешу мақсат көзделеді; 

Проблемалық 

оқытудың 

барлық 


түрі 

студент 


іс-әрекетінің 

шығармашылығымен,  проблеманы  шешудегі  ізденіспен  сипатталады.  Оқытушы  мен 

студенттің  өзара  әрекетінің  сипатына  қарай  проблемалық  оқытудың  төрт  деңгейін 

анықтауға болады: 

-  өзіндік  емес  белсенділік  деңгейі  -  оқытушының  түсіндіруін  қабылдауы, 

проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының 

өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап беруі; 

-  жартылай  өзіндік  белсенділік  деңгейі  -  меңгерген  білімді  жаңа  ситуацияда 

қолдана алу, оқытушының қойған проблемасын шешу

-

 



өзіндік  белсенділік  деңгейі  -  студент  тапсырманы  өздігімен  орындау,  жаңа 

ситуацияда қолдану, кұрастыру, жорамалдарды дәлелдеу, өзіндік пікір айту

-

 

шығармашылық белсенділік деңгейі - студент логикалық талдауды қажет ететін 



өзіндік  жұмыстарды  орындайды,  жаңа  амалдарды  ашады,  дербес  шешім  шығарып 

топшылайды, психологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. 

Әрине,  әр  сабақтың  психологиялық-педагогикалық  заңдылықтарына  сүйеніп 

оқытушы көптен-көп ізденіп жүреді. Ізденіс - табыс кепілі. Бізді қуантатың жағдай 

көптеген жаңа білімге құмар педагогтар үнемі шығармашылық ізденісте болады.  

Жаңа технологияларда "Кең ауқымды дәріс" әдісін қолданғанда аталмыш мәтін 4 

бөлікке бөлінеді. Әр бөлімге арнайы сұрақтар құрылады. Сонда: 

1)

 



мәтін бөлімі оқылады; 

2)

 



сұрақтар қойылады; 

3)

 



жауаптар талқыланады; 

4)

 



барлық пікірлер мұқият тыңдалады, ұсыныстар қабылданады. 

•  Егерде  мәтіннің  3  бөлімі  бойынша  сұрақ-жауап  әдісі  қолданылса,  4-ші  бөлімнің 

соңында  студенттер    пікірталасқа  түсуі  мүмкін.  Мысалы  кім  оқытушының 

ұсыныстарын дұрыс деп қолдайды? 

-

 

Ал, кім жолдастарының пікіріне қосылады? 



 

Сабақта  студенттер  екі  топқа  бөлініп  қарама-қарсы  пікірлерін  дәлелдеу  үшін 



мәтіндегі терминдерді, мәтіннен тыс аргументгер мен фактілерді қолданып сөйлеуге 

ұмтылады.  Оқытушының  міндеті:  топтардың  мүшелерін  белсенді  әрекетке 

жұмылдырып пікір таласта мәдениетті сөйлеуге, дәлелді жауап беруге бағыттау, өзінің 

де  пікірін  нақты,  дәлелді  жеткізу.  Осындай  сабақтарды  ұйымдастыру  оқытушының 

шеберлігін  дамытады,  ал  студенттердің  білімін  тереңдетіп  меңгеруіне  кеңінен 

мүмкіндіктер тудырады. 

Дәстүрлі  түрдегі  (20  минуттық  монолог  негізіндегі)  дәріс «Кең  ауқымды  дәріс» 

түріне  айналуы  мүмкін.  Оның  ерекшелігі  -  оқытушы  мен  студенттер  арасындағы, 

студенттер  бір  -  бірімен  өзара  диалог  түріндегі  іс  -  әрекетпен  сипатталынады. 

Оқытушы  студенттердің  білім  алудағы  іс  -  әрекеттерін  белсенді  түрде 

ұйымдастырады,  сұрақ  -  жауап  арқылы  олардың  білімдерін  дамытады,  өзі 

шығармашылық  іс  -әрекетімен  студенттер  алдында  үлгі  болып  көрінеді. 

Оқытушылар  кең  ауқымды  дәрістің  тиімділігін  көрсете  отырып,  талқылаудағы 

мәселелерді  дәлелдей  білу  қажет.  Ол  үшін  ізденіс,  шығармашылық,  белсенділік 

қажет. 

Белсенді  білім  алудағы  студентті  жан-жақты  дамыту  -  оқытушының  белсенді 



ізденісінің нәтижесінде болуы мүмкін. 

 

Әдбиеттер: 



1.

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылга 



арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан - 2004. 

2.

 



Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы 

//Егемен Қазақстан 27.05.2006. 

3.

 

Жұматаева  Е.  Жоғары  мектеп  дидактикасы  дамуының  ғылыми-практикалық 



негіздері. Алматы,2003 

4.

 



Рысбаева А.К. Иитерактивное обучение как фактор успешной учебной 

деятельности учеников // КазНІІУ им. Абая. Вестник.2007 №4(16), 

5.

 

Рысбаева  А.Қ.  Педагогикалық  ситуациялар  мен  тапсырмалар.//  (Педагогика 



курсының лрактикалық сабақтарына арналған мұғалімлар мен оқушылар ушін 

оқу - әдістемелік құрал) Алматы,2002. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет