Проблемалық оқыту технологиясы


Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі



бет2/3
Дата26.03.2023
өлшемі193,53 Kb.
#76233
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 5. Инновациялық технология

Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” Деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.


Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары
· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
· Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
· Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
· Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
· Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
· Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау:
· Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолдануы.
Проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет
тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей болып бөлінеді:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет