Байланысты: Білім беру мазмұны оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары 1
Оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
Оқу жоспары
оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін,
оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл
оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік
оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл
дамыту, екінші тіл - орыс тілі, математика, дүниетану, бейнелеу
өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка пәндері бар.
оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін
мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік
құжат.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Бағдарламаға қатысты материалдарды орналастыруда негізінен үш принцип ұсталады:
1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный),
2) Концентристік,
3) Спиралдық жүйе.
Бірыңғай бірізділікте (линейный) оқылатын материал қайталанбай бір бағдарда ұтылай дамиды.
Концентристік жүйедегі бағдарламада тиісті материал тақырып арасына үзіліс салып, жаңа деректермен толықтырылып, оқыту барысында қайталанып отырады.
Спиралдық бағдарламада бір жүйелілік сақталып бірыңғайлық мәнде бір әуенмен жетілдіру ескеріледі. Демек, шиыршықталған, спиралдық жүйеде дамиды. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны спиралдық жүйемен жасалған.
БАҒДАРЛАМА ТҮРЛЕРІ
Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады.
Бағдарламаның бөліктері:
1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат;
2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;
3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;
4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі;
5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;
6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі;
7) ұсынылатын әдебиеттер.
Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.