Аппаратты қондырмамен толтырудың бұл әдісі жатқызуға жүктеу деп аталады, ал осы әдіспен жүктелген қондырманы регулярлы деп атайды. Регулярлы қондырма абсорберге үйіндімен енгізілген регулярлы емес қондырмаға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие, оның гидравликалық кедергісі төмен және газдың үлкен жылдамдықпен қозғалуына мүмкіндік береді.

Алайда, регулярлы қондырмалардың сулануын жақсарту үшін құрылысы күрделірек суландырғыштарды пайдалану керек. Хордалы ағаш саптама (50 сурет,ж), әдетте диаметрі үлкен абсорберлерде қолданылады. Оның негізгі артықшылығы – кіші меншікті беті мен кіші бос көлемі.
Соңғы жылдағы металл ленталар мен сымдардан жасалған спиральдық қондырмалар, әртүрлі металл торлы қондырмалар (50 сурет, д) және де шыны талшықтан жасалған қондырмалар қолданыла бастады.
Қондырманың өлшемін таңдағанда элемент өлшемі неғұрлым үлкен болса, рұқсат етілетін газ жылдамдығы (сәйкесінше өнімділігі) соғұрлым жоғары, ал гидравликалық кедергісі төмен болатынын ескерту керек.